Тақырып 10. Тақырыбы: ХV- хvііғғ. Батыс және Шығыс Европа.


ЕРТЕ ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ



бет9/13
Дата14.04.2022
өлшемі68,76 Kb.
#31075
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ЕРТЕ ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ



Батыс Еуропалық феодализмнің типологиясы ХІV–ХV ғасыр- лардағы уақыт аралығында құрылды, бұл уақыт дамыған жəне кейінгі феодализм кезеңіне, жəне сословиялық-өкілетті монархия- ның үстемдігіне, ХVІ ғасырға яғни, капитализм генезисіне, абсолюттік биліктің нығаюына дəл келеді. Алға қойған мақсатты іске асыру үшін өндіргіш күштерді, батыс қоғамының экономика- лық негізін, табиғи-географиялық, экологиялық, демографиялық жағдайларды, құрылымның əлеуметтік, саяси ерекшелігін, даму- дың сыртқы саяси жəне əскери факторларының жиынтығын ке- шенді түрде қарастыру қажет. Кейінгі феодализм дəуіріндегі товар- ақша қатынастарының кең таралуы еңбектің қоғамдық бөлісіне, мануфактуралық өндірістің пайда болуына, сонымен бірге еңбектің жаңа құралдарының пайда болуына, технологияға, яғни, қоғамның өндіргіш күштерін жаңалауға мүмкіндік туғызды. Бірақ товар ақша-шаруашылығы тек феодалдық емес, сонымен бірге, құлие- ленушілік қоғамның əлеуметтік-экономикалық құрылымына да қызмет ете алады. Бірақ, бұл жерде капиталистік дамудың мідетті түрде қалыптасуы шарт емес. Сондықтан, товар өндірісі капита- лизмнің дамуына қажетті, бірақ жеткілікті бірден-бір жағдай емес.

Капиталистік қатынастардың пайда болуымен, қалыптасуына, дəл қандай құрамды бөлік қажет екендігін анықтау үшін, капита- лизм түсінігін анықтап алу дұрыс. Капитализм – тұрақты өсуге бейім қоғамдық жүйе, техникалық прогресс негізінде экономика- лық өсуге бағытталған, өндіріс құралы мен нарықтық механизмді реттеген шаруашылық. Саяси салада бұл дамыған түрде мемле- кеттік биліктің дифференциалдық түрлерімен, рационалды құқықтың болуымен, жеке меншікке қол сұғылмауды, заң алдында бар- лық азаматтардың теңдігін қамтамасыз ететін жүйемен сипатта- лады. Капиталистік дамудың бастапқы құрамы техникалық өсу жəне нарықтық товар-ақша қатынастары болып табылады. Еуропа- дағы кейінгі феодализм кезеңінде бұлар бір-біріне жағдай жасап, қоғамның əлеуметтік-саяси жүйесінің құрылымдық ерекшелігімен, сонымен бірге қоршаған табиғи-географиялық ортамен байланыс- ты болды. Еуропада нəтижесінде жүйелі түрде капитализм генези- сіне əкелген факторлар жиынтығы төмендегідей көрініс береді. Батыс Еуропалық феодализмге тəн жəне табиғи-географиялық ортаның ерекшелігімен байланысты, плюралистік түр еуропалық қоғамға ғана тəн əлеуметтік ұйымға – сословиялық монархияға алып келеді. Сословиялық монархияның полицентристік құры- лымы, оның кейбір көріністеріндегі күштердің ара-қатынасымен сипатталады, дəстүрлі экономикалық саясаттан нарықтық ұйымға өтуге алғышарт қалыптастырып, оның шеңберінде тауар жəне ақша шаруашылығы техникалық прогрессті белсендіреді, сөйтіп, оны жаңа еуропалық дəстүрге айналдырады. Осылайша Батыс Еуропада қалыптасқан əлеуметтік ұйымнан, тұрақты өзін-өзі қоз- ғайтын, адамзат тарихында осы кезеңге дейін баламасы болмаған жаңа даму сатысы қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет