Тақырып 10. Тақырыбы: ХV- хvііғғ. Батыс және Шығыс Европа.


§ 3. Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі абсолютизм



бет6/13
Дата14.04.2022
өлшемі68,76 Kb.
#31075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
§ 3. Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі абсолютизм

Ресей тарихына, оның ішінде Ресей абсолютизміне ХVІ–ХVІІ ғасырлардағы испан монархиясы, ХVІІ–ХVІІІ ғасырлардағы Прус- сиядағы, Австриядағы монархия Ресейде ХVІІІ ғасырда көрініс берді. Орыс абсолютизмі генезисінің ерте кезеңіне ғана тоқтала отырып, орыс абсолютизмінің күшеюіне татарлар, Польша, Литва тұрғысынан болған қауіп əсер еткенін көрсетеді. Ресейдегі абсолю- тизмнің нығаюына əсер еткен – қызметкер дворяндар. Орыстардың қызметкер дворяндары француз, ағылшын дворяндарына қара- ғанда ерекше орын алады.

ХVІ–ХVІІ ғасырлардағы бояр шаруашылығы экономикалық тұрғыда мықты болды, үлкен мүмкіндіктерді иеленді, кейбір жағ- дайларда шаруашылықтың товарлануына жол ашты жəне қатал крепостниктік тəртіптердің орнауына мүдделі болмады. Бірақ бояр шаруаларының шаруашылығында товарлық қатынастар өндірістің натуралды негізін бұзған жоқ. Сондықтан еңбекпен түзеу рента- сының түрлері терең экономикалық төңкеріспен қатар жүрмеді. Сондықтан да ХVІ–ХVІІ ғасырлардағы боярларды прогрессивті күштің көрінісі ретінде түсіну дұрыс емес деп есептеді. Ресейдегі абсолюттік тəртіптердің алғашқы элементтерін Иван Грозныйдың патшалық етуімен байланыстырады.Абсолютизмнің өсуіне бағытталған ұстаным дамыған феода- лизмнің сословиялық монархиясының саяси-əлеуметтік-эконо- микалық құрылымына бағытталды. Бірақ олардың абсолюттік мем- лекет түрлеріне ауысуы, екі сословияның күресінің нəтижесі алдын-ала анықталмаған еді. Олардың негізі əртүрлі болғанымен, түріне байланысты жақындық болды. Бұндай қорытындыға Анг- лия, Франция, Испания, Австрия, Пруссия жəне Ресей мысалдары- нан кейін келуге болады. Бұл ұлттық ынтымақтасу үрдісіне жəне орталықтандырылған ұлттық мемлекеттердің қалыптасуына, сос- ловиялық өкілеттілік ұйымдар мен король билігі арасындағы қарым-қатынасқа тығыз байланысты. Абсолюттік монархия орта- ғасырлық қалалықтардың ыдырап, буржуазиялық бағытта эволю- цияланған кезеңде пайда болғанымен, негізінде феодалдық мем- лекет болып қалды.

Абсолютизм генезисі процесін жалпы жəне əрбір елге байла- нысты өте мұқият жіктеп қарастыру қажет, себебі дəл осы жерде болашақтағы дамудың бағыты салынып, абсолюттік монархияның қай түрінің қалыптасатыны белгілі болады. Абсолютизм мəселе- сінің негізін теория жəне іс жүзінде капиталистік дамуға деген ұстаным құрайды. Іс жүзінде жеке алынған елде, ішкі даму проце- сіне байланысты абсолютизм деңгейі əртүрлі дəрежеде болады. Əлеуметтік қатынастардың əртүрлі даму деңгейі, өз кезегінде бүтін сұрақтар жиынтығын қамтиды, олар барлық негізгі қырларында ескерілуі керек, сонымен бірге тарихи процестің ортақ бағыты жə- не сол елдің осы қарастырылып отырған кезеңдегі əлеуметтік-эко- номикалық дамуы; олар анықтайтын күштердің қарым-қатынасы; дворяндардың əлеуметтік сипаты; ірі күрестердің немесе ашық саяси күрестің нəтижесі; егер бұл көрініс абсолютизм генезисінің алдында болса; король билігінің жағдайы жəне мемлекеттік меке- мелердің эволюциясының бағыты – елдегі абсолютизмге тікелей əсер етуші факторлар. Сонымен бірге бұл жиынтыққа сыртқы факторларды да енгіземіз, себебі, кейбір елдердегі абсолютизмнің қалыптасуына буржуазиялық даму үстем болып келе жатқан жағ- дайдағы əскери-саяси процестер де əсер етуі мүмкін. Осы фак- торлардың жиынтығынан əр елде абсолюттік мемлекеттің қай түрі қалыптасқанын жəне абсолютизмнің қандай түрі екендігін анық тауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет