4. СББ өсуін жоспарлау. Компанияның мынадай өсу мүмкіндіктері бар: 1) Қарқынды өсу. Корпорация менеджерлері бәрінен бұрын ағымдағы бизнес-қоржынның даму мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Оны И. Ансофф ұсынған өнім/нарық матрицасын пайдаланып, бағалауға болады (29-сурет). Бұл үлгі маркетингтің төрт балама стратегиясын пайдалануды қарастырады:
■Нарыққа ену;
■ Нарықты дамыту;
■Тауарды әзірлеу;
■ Диверсификация стратегиясы (әртараптандыру).
Стратегияны таңдау нарықтың қаныққандығына және өндірісті жаңарту мүмкіндігіне байланысты. Екі немесе одан көп стратегиялар бірге қолданылуы мүмкін.
Нарыққа ену стратегиясы тауарларды жылжытуды қарқындату және бәсекеге қабілетті бағалар қою арқылы бар тауарларды нарықта өткізуді ұлғайту мақсатында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |