1894 - 1938
Сейфуллин
Сәкен
(Сәдуақас)
(1894-1938)
қазақтың
атақты
ақыны,
жалынды жазушысы, дарынды
драматург,
білікті
ұстаз,
мемлекеттік
қайраткері,
Қазақстанның
қазақ
әдебиетінің
негізін
қалаушылардың
бірі.
Қазақ
КСР-інің Халық Комиссарлары
Кеңесінің алғашқы төрағасы
болған.
1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары
және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық
Республикасы Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі,
«Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының
орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы,
Халық
ағарту
комиссариаты
жанындағы
ғылым Орталығының
төрағасы,
Қазақстан
пролетар
жазушылары
ассоциациясының
(ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия
тарихы
бөлімінің
меңгерушісі,
Қызылордадағы
халық
ағарту
институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының
директоры,
«Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет»
журналы
басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті
, «Әдебиет
майданы» журналының редакторы,
Қазақтың коммунистік журнлистика
институтының профессоры қызметтерін атқарды.
Шығармашылығы
С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау»
(1934), «Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген.
«Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында
орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың
айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім
күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану
салаларында көрнекті еңбек етті.
«Жұбату» (1917) әңгімесі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы
прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда»
туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының
патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық
романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға
жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де
шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931),
«Батырлар» (1933), «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы
жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу
еңбектерінің бірі.
«Жұбату» (1917) әңгімесі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған
алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің