Тақырып №19 «С. Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы«Көкшетау» поэмасы»



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата28.01.2022
өлшемі4,02 Mb.
#24472
түріПоэма
1   2
Байланысты:
Тақырып№19 С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы

тұрмыс»«Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі

бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы

күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық

романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан

еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау,

зертгеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен



«Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар» (1933),

«Ақан сері-Ақтоқты»«Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы

жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы – осы саладағы

алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.



«Көкшетау» поэмасы 

Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл поэма ҚазААП-тың

сынағына көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді

аңсадың,өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды. Осындай

жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді.

Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің

әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен

тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.табиғат сұлулығына, ел

мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен

рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке

батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге

береді. Өнер адамдары өмірін айтады.

Поэманың

ең негізгі арқауы-

қалмақ қызы мен Адақ батыр

арасындағы сюжет жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай

ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры

арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы

толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел

тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне

сәйкестендіріп, Көкшенің қадір- қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен

елімен бірге жырлайды.




Арқаның кербез сұлу Көкшетауы

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Сексен көл Көкшетаудың саясында.

Әрқайсы алтын кесе аясында,

Ауасы дертке дауа, жұпар иісі―

Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?

Ырғалған көкке бойлап қарағайы,

Қасында көк желекті аппақ қайың.

Жібектей желмен шарпып төңіректі

Балқытып мыс қылады иіс майы. 

Әлеуметтік өмірде, Совет өкіметі үшін күрес жолында ұлтшылдыққа

қарсы батыл күрескен.. олардың кертартпалық сыпаттарын үнемі ашып айтып,

әшкерелеп отырған Сәкен әдебиетте де осы жат ағымға қарсы үн қатты. Халық

аңыздарын зерттей отырып, ақын осы поэмасында Арқаның көрікті жері —

Көкшетауды

ел

тарихымен,



оның

ізгілік


жолындағы

күрестерімен

байланыстыра

жырлады.


Ұлтшыл

қазақ


ақыны

Мағжан


Жұмабаев

шығармаларында, әсіресе, оның «Батыр Баян» поэмасында табиғат ылғи қара

жамылған қасіретті күйінде көрінсе, Сәкен «Көкшетауда» табиғаттың ашық

көркем күйін советтік жаңа адамдардың жарқын болашағымен байланысты

суреттеді.



Сәкен Көкше аңыздарының ішіне «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес»,

«Жұмбақтас»

туралы

әңгімелерді



бөліп

алады.


Бұл

аңыз


әңгімелер

Көкшетаудағы бірнеше жерлердің жоғарыдағы аттарға ие болуы жайын шертеді.

«Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен

байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура тарихымен

байланыстырылады. Ақынның ескі аңыз-әңгімелерге сын көзімен қарап, оған

халықтық тұрғыдан баға бере білгенін осы тұста анық байқауға болады. Сәкен

жырлауындағы ел аңызында Бурабай көлін мекендеген ақбас бура — ардақты ел

күзетшісі, соның жақсылық, жаманшылығына ортақ жануар болып суреттеледі.

Мұның өзі тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болған халықтың сол малды

аруақты деп табынуы кезіндегі ұғымның әсері болуы ықтимал. Ақ бура ел

өміріне қатысы бар елеулі жайларды алдын ала сезетін болған деседі. Оны елге

білдіруге тырысып, бақсыдай азынап тауды кезген.



Шабысып бірін-бірі ел қуар болса,

Не өлмек, не бір батыр туар болса,

Немесе бір апатқа ел ұшырап,

Кәрі-жас бетін жаспен жуар болса.

Бақсыдай бура азынап жүреді екен,

Мал шулап, иттер ұлып үреді екен.

Қалың ел маңайдағы кұрбан шалып,

Құлақты алдағы іске түреді екен.


Әдебиеттер тізімі:

1.Ісімақова А., «Алаш әдебиеттануы». – Алматы: «Қазақ

энциклопедиясы», 2017, — 480 бет.

2.Сейфуллин С. Сол жылдарда. – Алматы: Жазушы,1974ж.

3.Ақшолақов Т. Қазақ әдебиетін оқыту. – Алматы: Мектеп,

1985ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет