5.4 Топырақтағы зиянды заттарды нормалау
Топырақтағы зиянды заттарды гигиеналық нормалаудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелері төмендегідей, яғни:
1) топыраққа түскен экзогенді химиялық заттарды барлық кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті деп қарастыру дұрыс емес;
2) топыраққа түскен химиялық заттардың қауіптілігі топырақтың экологиялық (өзін-өзі тазарту) қабілеттілігімен анықталады;
3) нормативтер микробиоценлз және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне әсер ету есебімен экстрималды – климаттық жағдайларда (топырақ ортасынан заттардың қарқынды көшуі) алынған мәліметтерге негізделеді;
4) гигиеналық нормативтер зияндылықтың шектеулі көздерінің есебемен бекітіледі, яғни: жалпы санитарлық, миграциялық, ауалық, органолептикалық, фитоаккумуляциялық (зиянды заттардың өсімдіктерде жиналуы немесе оларға өтуі) және санитарлы-токсикологиялық.
Санитарлы-токсикологиялық нормативтер топырақ құрамындағы заттардың адам ағзасына бір мезетте бірнеше жолдармен, яғни, шаң-тозаң, атмосфералық ауа, ауыз суды тұтыну, тамақ өнімдері және т.б жолдармен түсу мүмкіншіліктерін ескереді.
Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:
- ауыл шаруашылығында пайдаланатын егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;
- кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;
- елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын жер топырағының ластануы.
Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады: ШРКт және уақытша рауалы концентрация (УРКт)
Достарыңызбен бөлісу: |