Таќырып 2 Табиѓи орта жаѓдайыныњ экологиялыќ мониторингіСудың минералды құрамының компоненттері
Хим. экол. зерт-практикум
Судың минералды құрамының өзгеруі ең алдымен, қарапайым бір клеткалы организмдердің тіршілік етуіне әсерін тигізеді. Себебі, еріген тұздар тірі клетка элементтері үшін құрылыс материалы болып табылады және клетканың қоршаған ортамен зат алмасуын анықтайды. Тұздардың жоғары концентрациясы, суатты қоршаған топырақтың минералды құрамына ауыр зардабын тигізеді және ауылшаруашылық дала егістерін суландыру уақытында, топырақтың жер асты суларын сіңіру процесінде тұздануына әкеліп соғады. Судағы табиғи тұздылық тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғатын, табиғи сулардың минералды тұздармен антропогенді байытылу көздері болып табылады: қыстыгүні қала көшелері мен жолдардан тұзы бар еріген қар суларының құйылуы; дала алқаптарын минералды тыңайтқыштармен өңдегеннен кейін, ақаба жаңбыр суларымен шайылып құйылуы; өндіріс кәсіпорындарынан шығатын тұздық, тазартылмаған ақаба сулары және тағы да басқа. Тұздардың жоғары концентрациясы ауыз судың дәмін бұзады, ал ШРК-нан асып түсетін тұздардың концентрациясынан ауыз су және шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су жарамсыз болып келеді. Су үлгілерін дайындау және іріктеу Келесі анализдің едәуір деңгейінде дұрыстылығын анықтайтын су үлгілерінің іріктемесін стадия ретінде қарастыру қажет және үлгіні іріктеу процесінде жіберген қателіктерді келешекте, тіпті квалификацияланған анлитик те түзете алмайды. Су үлгісінің орнын және іріктеу жағдайын әр кезде зерттеудің нақтылы ережелермен анықтайды, бірақ үлгіні іріктеудің негізгі ережелері жалпы түрде болады: анализ үшін алынған судың үлгісі іріктеудің орнын және жағдайын көрсетуі қажет; үлгінің іріктемесі, сақталуы және тасымалдануы, оның алғашқы құрамының өзгермеуін қамтамасыз ету керек (анықталатын компоненттердің немесе су қасиеттерінің болуы); үлгінің көлемі әдістемеге сәйкес аналитикалық процедураны өткізу үшін жеткілікті болу қажет. жүктеу/скачать 0,96 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |