Су үлгілерін іріктеу
Су үлгілері бір реттік және сериялы болуы мүмкін. Бір реттік іріктеуді әдетте су анализінен алғашқы сапалық мәлімет алу керек болғанда қолданады.
Үлгілер түрге байланысты жай және аралас болып келеді. Жай үлгі бар қажеттіліктің су көлемінің анализі үшін бір реттік іріктеу жолымен қамтамасыз етіледі және алынған мәлімет тап осы уақыттағы, тап осы нүктенің құрамына жауап береді.
Аралас үлгіні әртүрлі нүктелерде немесе уақыттың әртүрлі аралығында алынған, су құрамының орташа көрсеткішін көрсететін жай үлгілерді араластыру жолымен алады. Егер үлгіні ашық су ағынынан алса, ол кәдімгі: үлгіні іріктеу үшін жақсы жер болып табылатын толқыны қатты, тасқынды учаскілер сияқты жағдайды сақтау қажет.
Ақаба сулардың үлгісін іріктеу барысында келесі шарттарды ұстану қажет:
- іріктеудің жылдамдығы 0,5 м/с аспау керек;
- үлгі іріктегіш саңлауының диаметрі 9 – 12 мм болу керек;
- жоғары турбуленттілік (болмаса, жасанды түрде жасау).
Ауыз су үлгісін іріктеу барысында толық ашылған краннан суды алдын ала 15 мин ішінде жіберу қажет. Ыдысты тығынмен жаппай тұрып, көлемі 5 – 10 см3 ауа қалатындай етіп, судың беткі қабатын төгеді. Үлгіні іріктеу және сақтау үшін әртүрлі типті ыдыстарды қолданады. Үлгіні іріктеу және сақтау үшін ыдыс таңдау кезінде, анықтайтын компоненттердің ерекшеліктерін есепке алу керек. Көрсетілген мақсаттар үшін шыны, полиэтилен, тефлоннан жасалған ыдыстарды кең қолданады.
Негізінен полиэтиленді және тегіс шынылы тығындарды қолданған жөн, бірақ қыртысты және резеңкелі тығындарды да пайдалануға болады. Резеңкелі тығындарды Na2CO3 1% ерітіндісінде, қыртысты тығындарды дистилденген суда қайнатады, содан кейін сумен, HCl –дың бір пайыздық ерітіндісімен және бірнеше рет дистилденген суда шаяды. Үлгіні іріктемей тұрып, суға 3 реттен кем емес алдын ала жуылған ыдысты шаяды. Іріктеліп жатқан үлгіге механикалық қоспалардың түспеуін қадағалау қажет. Үлгінің көлемі 0,5 л. болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |