Фотохимиялық смог – атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның лондондық смогтан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдар күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді, фотохимиялық смог алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бұл құбылыс Нью-Иорк, Токио, Сеул, Афин қалаларында байқалған. Ол көзді зақымдатады, өсімдіктердің вегетациялық процестерін бұзады, рәзеңкені тотықтырады және оның тез тозуына әкеледі, сонымен қатар жағымсыз иісті болады. Сондай-ақ, атмосфераның мөлдірлілігін төмендетеді, соның нәтижесінде аэрозольдер түзіледі.
Жағымсыз метеорологиялық жағдайлардың (ЖМЖ) жоғары қауіптілігіне байланысты ірі қалалар мен өндірістік орталықтарда шоғырланған халық үшін қоршаған табиғи орта жағдайларының мониторинг қызметтері, яғни «Казгидромет» зиянды заттарды жинауға қабілетті қауіпті метеожағдайларды болжайды, және мемлекеттік және шаруашылық басқарма мекемелеріне алдын-ала ескертеді. Жағымсыз метеорологиялық жағдайларды болжау механизмі Р есептеу параметрінен (аэросиноптикалық мәліметтердің анализі және ЖМЖ болжамы) тұрады. Р параметрі ауа ластануының фондық өлшемі болып табылады және метеожағдайға байланысты өзгеріп отырады, параметрді есептеу 10- формулада берілген
Р = т/п, (10)
мұнда т – бір күн ішіндегі бақылаулардың саны (ортамаусымдық концентрацияны 1,5 рет жоғарылататын зиянды қосылыстардың концентрациясы);
п – бір күн ішінде қаладағы мониторингтің барлық стационарлық пунктеріндегі зиянды қосылыстар концентрациясын бақылаудың далпы саны.
Әр қаланың өзіне тән негізгі қосылыстары болады, соларға сүйене отырып Р параметрді анықтайды. Ескертулер, Р>0,20 көлем болғанда және жағымсыз метеожағдайлардың болжамымен құрылады, одан соң ескертулер қауіптіліктің үш дәрежесіне және метеоорталықтарының жұмыс режимдеріне байланысты әртүрлі түрлерде беріледі. Ескерту (Орталықтың бірінші жұмыс режиміне сәйкес, қауіптіліктің бірінші деңге) ЖМЖ-ның келесі болжамы бойынша құрастырылады (3.1 кесте).
3.1 Кесте - ластаушы көздердің негізгі топтары үшін метеопараметрлердің жағымсыз кешендері
Достарыңызбен бөлісу: |