ШРКжз- жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясы, мг/м3. ол сегіз сағаттық жұмыс күндік немесе ұзақтығы басқа мерзім ішінде, яғни аптасына 41 сағаттан аспайтын уақыт аралығында, қызмет істеген барлық жылдар бойы қазіргі және кейінгі буындардың денсаулығын бұзбайтын концентрация мөлшері. Жұмыс зонасы деп қызметшінің тұрақты немесе уақытша еденнен немесе жерден биіктігі 2м –ге дейінгі кеңістікте болатын орнын айтады.
Ластағыш заттардың класын осы көрсеткішке сүйеніп анықтайды. Қаіптілік класы ШРКжз мағынасына қарай 4 топқа бөлінеді: