Таќырып 2 Табиѓи орта жаѓдайыныњ экологиялыќ мониторингі



бет37/57
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18503
түріПрактикум
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Байланысты:
Хим. экол. зерт-практикум

5.2 Теориялық бөлім

Топырақтың жалпы қасиеттері

Топырақтың экологиялық жағдайын анықтайтын жалпы қасиетттерге:

1) топырақтың механикалық құрамы;

2) құрылысы;

3) ылғалдылығы;

4) қышқылдылығы жатады.


Топырақтың механикалық құрамы онда балшықтың, ұсақ тастардың, құмдардың, гендік және антропоидтық қосылыстардың болуымен сипатталады. Оның құрылысы өмір сүру процестеріне қажетті ( тыны салу ) тығыздылық пен ауаны анықтайды. Топырақтың ылғалдылығы өсімдіктің минералдық қоректенуіне себепші болады және барлық топырақ организмдері үшін қажетті қоршаған орта факторы болып табылады. Топырақтағы ылғалдылық ауаның антогонисті болып табылады, сондықтан ылғалдылықтың шектен тыс мөлшері, сондай-ақ оның аздығы зиянды болып келеді.

Топырақтың қышқылдылығы - ең негізгі экологиялық фактор. Ол жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің және топырақ организмдерінің өмір сүру шартын, сондай-ақ топырақтағы ластаушылардың қозғалысын (бірінші орында металдар) анықтайды. Жоғарғы қышқылдылық кезінде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көп түрлерінің өсуі және дамуы баяулайды, микроорганизмдерінің өмір сүруі бұзылады. Жоғарғы қышқылдылық кезінде әк жұмыстарын жүргізу керек. Тұз ерітіндісінің рН көрсеткішін өлшеген кезде, топырақтың қышқылдығын анықтайды.

рН көрсеткіші бойынша топырақ қышқыл, бейтарап және сілтілі болуы мүмкін.

Мысалы:

1) рН төртке тең немесе одан аз ол - күшті қышқыл;

2) рН беске тең болса - қышқыл;

3) рН алтыға тең болса- әлсіз қышқыл топырақ;

4) рН жетіге тең - бейтарап;

5) рН сегізге тең және одан да көп болса ол – сілтілі топырақ.

Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру үшін, топырақтың рН көрсеткішінің қолайлы жағдайы кестеде көрсетілген (5.1 кесте).
5.1 Кесте - Өсімдіктердің негізгі түрлері үшін топырақтың рН

көрсеткішінің қолайлы жағдайы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет