Тақырып 28. Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері Наполеонның жаулаушы жорығының Еуропадағы индустриалды қоғамның қалыптасуына ықпалы


Еуропада либералдық қоғамдық идеяның таралуы



бет2/3
Дата16.01.2023
өлшемі0,8 Mb.
#61526
1   2   3
Байланысты:
Напалеон Бонапарт

Еуропада либералдық қоғамдық идеяның таралуы. Еуропада капитализмнің дамуына жол ашқан Наполеонның жаулап алу жорықтары Еуропа мемлекеттеріне ақсүйек буржуазия мен интеллигенцияға басымдық беретін либерализм идеясының (лат. liberalis – еркін) кең таралуына ықпал етті. Либерализм мемлекет тарапынан болатын барлық шектеулерге азаттық ұранын ұстаным етті. Ол шексіз билік иеленген монархтар билігіне және католиктік шіркеуінің жоғары тармақтарына қарсылықтан туындады. Либерализм монархтардың құдіретті билік жүргізуіне қарсы болды және дін жалғыз ақиқат көзі деген ұстаныммен келіспеді. Оның орнына либерализм мынадай өз принциптерін ұсынды:

  • адамның жаратылыс берген табиғи құқықтарын сақтау (өмір сүру құқығы, бостандық пен меншік);

  • еркін нарықтық экономика;

  • тұрғындардың азаматтық құқығына кепілдік;

  • заң алдында барлық адамдардың теңдігі;

  • парламентаризмді дамыту;

  • мемлекет атқаруы тиіс міндеттер: сыртқы қауіптен шегараны қорғау, мемлекет ішіндегі әлеуметтік тәртіпті қолдау, жекеменшікті қорғау;

  • мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот қызметтеріне бөлу;

  • үкіметтің халық алдындағы жааупкершілігі.

ХІХ ғ. ортасында либерализм қоғамда маңызды көзқарасқа ие болып, адамдардың жағдайын жақсартатын ауқымды қалыптасқан әлеуметтік теорияның негізі болып саналды. Либералдар революциялық міндеттерді реформа әдістерімен шешуге ұмтылды. Олар жалпыхалықтық сайлау, мемлекеттік істерді шешуде халықтың қатысуы, жергілікті биліктің дербестігі, әйелдер теңдігі, алқабилер соты, салықты тең бөлу, сөз бостандығы, ар-ұят, еркін бас қосулар үшін күресті.
Батыс Еуропадағы жетекші мемлекеттерге таралған либералдық идея индустриялдық қоғамның қалыптасуы мен дамуына ықпал етті. Либералдар феодалдық тәртіптің жойылуына монархияның шектелуіне және парламенттік басқарудың енуіне қол жеткізді.
ХІХ ғ. ортасындағы либерализм теориясының көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын философы және экономисі Джон Стюарт Милль болды. Ол азаматтық қоғамдағы істерге мемлекеттің араласпауы қажет деген либералдық принципке сүйеніп, осыған орай өз дәйектерін келтірді:

  • Жекетұлғалар өздеріне қатысты барлық істерді үкіметке қарағанда қашанда жақсы атқарады.

  • Еркін қауымдастықтар арқылы үлкен өндірістерді жекетұлғаларға басқаруға беру аса ауқымды қаржы мен жекетұлғалардың ой-өрісін өрістетіп, қабілетін арттырып, жан-жақты болуына септігін тигізеді. Үкіметтік қызмет барлық уақытта және барлығына бірсарынды болады.

  • Егер үкімет қоғамның алуан түрлі талаптарын орындауды мойнына алса және қызметке нағыз қабілетті адамдарды тартса, онда мемлекетте алуан түрлі бюрократия қалыптасып, оған елдегі барлық интелегенция шоғырланды... ал қоғамның қалған бөлігі ... (бюрократиядан) қалай және не істеу туралы кеңестер мен нұсқаулар күтеді, - бұл жағдайда қоғамдағы ең қабілетті әрі әділетті мүшелер бюрократия қатарына қабылдануға талаптанады. Нәтижесінде қоғам ең қабілетті бюрократиялық корпорацияға айналады, сөйтіп, қоғамның бір бөлігі басқаларды басқарып, жұмыс істеген секілді қалыпты әдетке айналдырады.

Үй тапсырмасы:
№1 тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
1. Наполеонның басып алу жорықтары Еуропаға қалай әсер етті?
2. Еуропаға таралған либералдық қоғамдық идеяның себептерін атаңдар.
3. Либералдық қозғалысқа қатысушылар қандай мақсат қойды?
4. Либералдар өз күресінде қандай әдістерді қолданды?

№2 тапсырма. Терминдік сөздіктермен жұмыс: мануфактура, жаулаушы жорықтар, буржуазиялық реформалар, либерализм, нарықтық қатынастар, азаматтық құқық, парламентаризм.


№3 тапсырма. Наполеонның Азаматтық және Қылмыстық кодексінен келтірген үзінділерге байланысты мына сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Кодекс меншіктің қай түрін, қандай форманы бекітті?
2. Кодекс қожайын мен жұмысшы арасында қандай қатынас орнатты?
3. Неке келісімі туралы бап қандай мақсатты көздеген?
4. Заң шығарушының өз экономикалық құқығы үшін күрескен жұмысшыға қатынасы қалай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет