Адамдар Мақсаттар Құрылым
Тапсырмалар
Сурет 1 - Ішкі өзгерістердің байланысы
Ұйымның сыртқы ортасы
Кез-келген ұйым ашық жүйе болғандықтан, өзін ресурстар, энергия, кадрлармен қамтамасыз етумен тұтынушыларға қатысты сыртқы ортаға тәуелді болады. Сол себепті басшылар сыртқы орта жағдайын есепке алып отыруы қажет. Ұйымның өміршеңдігі басшыларға байланысты болғандықтан, менеджер ұйымға әсер ете алатын барлық факторларды дұрыс анықтай алуы шарт. Сонымен бірге, ол сыртқы орта өзгерістеріне бейімдеулу тәсілдерін де ұсына алуы қажет.
Сыртқы ортаға анықтама беру бұл айтарлықтай күрдклі мәселе, өйткені әлемдегі барлық факторларды бақылауға алу мүмкін емес. Сондықтан да сыртқы орта факторларын ұйымның табыстылығына тікелей әсер ететін аспектілермен ғана шектеген жөн. Джеральд Беллдің анықтамасы бойынша ұйымның сыртқы ортасына: тұтынушылар, бәсекелестер, үкімет мекемелері, жеткізіп берушілер, қаржы ұйымдары, еңбек ресурстары сияқты элементтер жатады.
Қоршаған ортаны анықтау жеңіл болуы үшін және оның ұйымға тигізетін әсерін есепке алу үшін сыртқы факторлар 2 негізгі топқа бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |