Тақырып 4 Ұйым және тиімді басқару Мақсаты: Ұйымның түсінігін, оның түрлерін анықтау. Жоспар


Американ менеджмент мектебі жеке басшының 12 ережесін ұсынады



бет7/22
Дата15.02.2022
өлшемі134,18 Kb.
#25562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Американ менеджмент мектебі жеке басшының 12 ережесін ұсынады:

  1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы –соңына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырады.

  2. Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.

  3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.

  4. Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.

  5. Басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштық ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.

  6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі әділ сынай білуі тиіс.

  7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.

  8. Әзіл-оспақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзілдеу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.

  9. Айта да, тыңдай да білуі керек.

  10. Үнемдеуге тырысуы керек. Біреу Эйнштейннен былай деп сұрапты: «Сіз барлығын, тіпті ең күрделі проблемаларды формуламен бейнелей аласыз ба, сіз өміріңіздегі жетістікті формуламен жаза алсыз ба?Сонда Эйнштейн былай деп жазыпты: «Х+Ү=жетістік, Х-жұмыс істей білу, Ү-үнемдеуге тырысу».

  11. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс. Мұның өзі әсіресе үлкен ұжымда аса маңызды психологиялық кезең, өйткені ондай ұжымда адамның «үміті үзілуі» мүмкін. Америкадағы қолданбалы психологияның профессоры Д.Дэрф фирманың президентінен мынадай мысал келтіреді. Әр күні таңертең оның хатшысы бүгін кімнің туған күні, кімнің баласы туған, кімнің үйленгені туралы айтып отырады екен. Содан кейін президент телефонды алып былай дейтін көрінеді: «Ал, Джордж, сенің қызың кеше тұрмысқа шыққанын білемін, құтты болсын!» Президенттің ойынша, осылай деу оның жұмыста табысты болуына ықпал етеді.

Американың халықаралық даму жөніндегі агенттігі АҚШ-тың ұлттық ғылыми қоры қөмегімен «Манбер энд компаниясы» фирмасы жүзеге асырған «Кәсіпкерлік көріністі» анықтаудың бесжылдық жобасының деректері ерекше назар аударуға тұрарлық. Американдық басқару асаоциациясы осы зерттеу методикасын әр елдегі кәсіпкерлік мүмкіндікті анықтау үшін пайдаланады.

Осындай зерттеу нәтижесінде табысқа жететін жеке адамдарға тән мынадай 10 түрлі сипаттама беруге мүмкіндік туды:



  • мүмкіндіктер мен бастамаларды іздестіру (кәсіпкер жаңа әрі әдеттен тыс іскерлік мүмкіндіктерді пайдаланады:ол бұл жағдайға мәжбүр болардан ертерек кіріседі);

  • табандылық пен өжеттілік (кездесетін қиындықты жеңуге әрқашан да дайын болады;ойлаған мақсатына жету үшін стратегиясын үнемі айқындап, өзгертіп отырады);

  • тәуекел етуге дайын тұру (біреуге «жалтақтамай», тәуекел ету, бел шешіп кірісу, бірақ бір іске батыл кіріскенде оның нәтижесі қандай боларын алдын ала топшылау);

  • тиімділікпен ұйымдастыру (бұйымды өте жақсы, тез әрі арзан шы- ғарудың жолдарын іздестіру, тиімді стандартты жетілдіруге, жақ- сартуға тырысу);

  • жұмысқа қатысуға жұмылдыру (жұмыстың орындалуы үшін өзіне үлкен жауапкершілік артып, осы мақсатта бар күш-қайратын жұмсау);

  • мақсаттылық (мақсатын айқын белгілеу; ұзақ мерзімді болжай білуі; қысқа мерзімдік міндеттерді ұдайы қадағалап, қажетті өзгертулер енгізіп отыру);

  • болып жатқан өзгерістерді жіті қадағалау (клиенттер, жабдықтау- шылар туралы ақпаратты жеке өзі жинайды, осы мақсатта өзінің жекелей және іскерлік байланыстарын пайдаланады);

  • ұдайы жоспарлау және бақылау (ірі міндеттерді салалық міндеттерге бөліп жоспарлайды, қаржы көрсеткіштерін қадағалайды, әрә шешім қабылдағанда осыларды ескереді, жұмыстың орындалуын ойласты- рады немесе оны жүзеге асыру шараларын қарастырады);

  • байланыс орнатуға қабілеттілік (адамдарға ықпал ету, өз мақсатына жету үшін іскерлік және жекелей байланыстарын пайдаланады);

  • тәуелсіздік және өзіне сенімділік (басқа адамдар тарапынан басқару- ға және бақылауға тәуелсіз болуға ұмтылу, қарсы жақпен кездескен- де немесе жетістік болмаған жағдайда тек өз мүмкіндігіне ғана се- неді);

Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей талаптар қойылады:

- өзіне деген сенімділік

- жеке басының бағалы қасиеттері, мен өзін үнемі жетілдіру.

- бастамаларды іздестіру

- қызметкерлерді баулу және байланыс орнатуға қабілеттілік.

- баскару әдіс-тәсілдерін білу

- тиімді шешім қабылдауға дағдылану.

Менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман.

Басқару әрекетін жүргізу басшылықтын білім денгейі, басқару тәжірибесіне байланысты. Осыған орай басқару теориясы мен практикасында қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық. (схема).

Басқарушылар үлгісі дегеніміз - қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет