Тақырып №4 Сабақта оқушылардың өзбетімен жұмысын ұйымдастыруды басқару



бет5/6
Дата21.04.2023
өлшемі30,86 Kb.
#85262
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 АБ ШЖБМ

Олардың бойында дене және психологиялық дамуында кезге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша "қауіп-қатер балаларың бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ға жуығын құрайды.

"Қауіп-қатер балаларымен" жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қамтамасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуғе деген талпынысы мен ыкыласына әрдайым оң баға беру.

Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қандай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Илентков). Қарама-қайшылық "оқушы (адам)" жүйесінде пайда болып "адам-адам" жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-катынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет