Тақырып №4 Сабақта оқушылардың өзбетімен жұмысын ұйымдастыруды басқару


ШКБМ жағдайында төменгі сынып оқушыларының танымдық әрекетке деген қызығушылықтарын қалайша арттыруға болатынын ойластырыңыз



бет4/6
Дата21.04.2023
өлшемі30,86 Kb.
#85262
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 АБ ШЖБМ

4. ШКБМ жағдайында төменгі сынып оқушыларының танымдық әрекетке деген қызығушылықтарын қалайша арттыруға болатынын ойластырыңыз.
Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады. Олардың кейбіреуін нақтырақ қарастырайықа) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік — адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспірім шақта-басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе тиянақсыз болғанда ерекше көрініс табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі төмендеп кетеді.

ә) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек-оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.

б) "Қауіп-қатер балаларының" диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категогрия — "қалыпты балалар" категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар — дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықгары және мінез-құлығындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе "қауіп-қатер балалары" деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет