Тақырып №4 Сабақта оқушылардың өзбетімен жұмысын ұйымдастыруды басқару


ШКБМ-да сабақтағы өздік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін атаңыз



бет3/6
Дата21.04.2023
өлшемі30,86 Kb.
#85262
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 АБ ШЖБМ

3. ШКБМ-да сабақтағы өздік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін атаңыз.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру және оны басқару – әр мұғалімнің жауапты және күрделі жұмысы. Білім алушылардың өзіндік жұмысы - оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, оның барысында оқу-ғылыми, кәсіби қызметтегі білім, білік және дағдылары, болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттері қалыптасады (жауапкершілікті өз мойнына алу, мәселелерді өз бетінше шешу, конструктивті шешімдер табу, дағдарыстық жағдайдан шығу және т.б.).
Өзіндік жұмыстың басты функциясы жоғары мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады, өйткені дербес зияткерлік және рухани қызметте ғана адам дамиды.
Белсенділік пен дербестікке тәрбиелеу білім алушыларды тәрбиелеудің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Шағын жинақты мектептің ерекше қиындықтарына қарамастан, білім беру мазмұнын жаңарту талаптарына сәйкес осындай білім беру ұйымының мұғалімі білім алушыларға жеке және сараланған көзқарасты жүзеге асыру, білім алушылардың оқу іс-әрекетінің практикалық бағытын іске асыру, оларды педагогпен және сыныптастармен қарым-қатынасқа қосу қажет. Сынып-жиынтықтағы сабақтың ең маңызды ерекшелігі – білім алушылардың өзіндік жұмысын міндетті және жүйелі түрде жүргізу. Бұл ретте оның ерекшеліктері ШЖМ ерекшелігімен анықталады.
Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктеріне жатады:
  • мотивациялық аспект және оқытудың өзіндік сипаты;


  • білім алушының белсенді ұстанымы;


  • коллаборативті оқыту, ересек адамның кіші жастағы балаларды оқытуға қатысуы;


  • жеке тұлғаға бағытталған көзқарас және дифференциация;


  • сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған коммуникативтік тәсілді қолдану;


  • пән білімін, іскерлігін және дағдысын практикаға бағытталуын жоғалтпай берік меңгеру;


  • білім алушылардың оқу үдерісін басқаруға және оқу жетістіктерін бағалауға қатысуы.


Ол үшін білім алушыларға білім алуды ұйымдастыру үшін әдіс, жолсілтеме беру маңызды, бұл дегеніміз – олардың ақыл-ой еңбегін ғылыми ұйымдастырудың дағдылары мен шеберліктерімен қаруландыру, яғни мақсат қою, оған қол жеткізу құралдарын таңдау, уақыт бойынша жұмысты жоспарлау. Біртұтас және үйлесімді тұлғаны қалыптастыру үшін оны дербес қызметке жүйелі түрде қосу қажет, ол оқу тапсырмаларының ерекше түрі – өзіндік жұмыс үдерісінде проблемалық-іздестіру қызметі сипатына ие болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет