Тақырып: «А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбановтың етісті жіктеулері» Орындағандар



бет4/4
Дата20.05.2023
өлшемі36,59 Kb.
#95559
1   2   3   4
Байланысты:
ТБНСӨЖ5

Қорытынды
Ғалымдар салт, сабақты, өздік, ырықсыз, ортақ етістерді бірдей таныған. А. Байтұрсынұлы әр етіс түрін даралап, әрқайсысының көрсеткіштерін көрсетіп, оған өзінше ат беруге тырысса, Қ. Жұбанов мағыналық, тұлғалық ұқсастықтарына байланысты басын біріктіріп, жинақтауға ұмтылған. А. Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, өзгелік етіс, шығыс етістерді топтастырып, бір етіс түрінде беру, дүркінді етісті (многократный вид) етіс қатарына қоспау жағынан келгенде, Қ. Жұбанов еңбектері ұқсас. Қазақ тіл білімінде етіс құрылымдық жағынан етістіктің грамматикалық категориясы ретінде қарастырылды. Функционалдық грамматикадан етіс функционалды-семантикалық категория болып табылады.
Құрылымдық грамматика тұрғысынан алғанда етіс барлық етістік түрлеріне жалғанбайды, талғап жалғанады, нақты тұрақты заңдылығы жоқ деп айтуға болады.
Функционалды семантикалық өрісте анықталатын бір ұғымның мәнін, мағына-мазмұнын ашатын қызмет түрінде етіс аса маңызды семантикалық өріс құрайды. 
 Етіс мәселесі сөйлем ішіндегі баяндауыштың бастауышқа тікелей қатынасы бар етіп қарастырылатындықтан, синтаксистікке де тән сипаттамасын көрсетеді. Сонымен қатар етіс арқылы берілетін қимыл-әрекетті субъектіге қатыстырып қарастырсақ, онда етістің семантикалық категория екендігі тағы да дәлелденеді.
Етіс концепті етіс морфологиялық категориясы мен оның көрсеткіштері арқылы көрініс табатын концептуалды деңгей бірлігі болып табылады.
Қазіргі таңда жалпы етіс теориясының тиісті дәрежеде зерттелгенімен, оның басқа тілдік бірліктермен байланысы тұрғысынан әлі күнге дейін терең және арнайы зерттелген емес.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 448 б.

  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 608 б.

  3. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 178 б.

  4. Жұбаева О.С. «Етіс» Грамматикалық концепті: Когнитивті аспект» мақаласы. – Астана: ЕҰУ, 2017.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет