4)Антропологияның және басқа да жаратылыс ғылымдарының деректері Антропологиялық дерек-төркіндердің-алғашқы тұрмыс адамдарының сүйек қалдықтарының да маңызы өте зор. Бұл қалдықтар тиісті заманға неғұрлым көне болған сайын соғұрлым олар фрагментарлы және олардан толық кұнды дерек алу үшін соғұрлым көп өнер жұмсау керек болады. Қандай да болсын қазылып алынған форманың физикалық типі туралы ұғым қаңқа сүйектердің, толық сақталмаған бас және жақ сүйектердің фрагменттеріне жиі негізделеді. Тек мұқият салыстырмалы-анатомиялық зерттеу ғана жетіспеген бөлімдерді реконструкциялап, оның бөліктері бойынша тұтас бейнесі туралы ұғым құрастыруға мумкіндік береді. Бұған антропологияда мұқият жасалған қаңқалардың өлшем системасы көмектеседі. Алғашқы тұрмыстық қоғамның антропологы мен тарихшысының қарамағына приматология-маймылдарды зерттеумен арнайы шұғылданатын зоология саласы маңызы үлкен материалдарды бере алады.
2.Палеолит; оның кезеңдері,ерекшіліктері
3. Адамның қалыптасу тарихы. Антропогенездің қозғаушы күші.
Қазіргі заманғы адам приматтар отряды гоминидтер семьялығына жататын Номо текті түрін құрайды. Осы заманғы адамзаттың нәсілдері арасындағы морфологиялық айырмашылықтар жай көзге көрінгеніне де қарамастан, бірақ олар өмірлік маңызы жоқ екіншІ дәрежелі белгілерден де көрінеді. Сондықтан да қазіргі кезде, тіпті шетел ғылыми әдебиетінде қаралып жүрген нәсілдік концепцияларға қарсы әлі күнге дейін өмір сүріп отырған нәсілдер толық негізделе отырып, бір түрге жатқызылуы мүмкін. Адамның шығу процесіне биологиялық заңдылықтарды тарата отырып, Дарвин жыныстық сұрыптауға барынша үлкен маңыз берді.
Оның теориясына сәйкес приматтармен салыстырғанда, адамның физикалық ұйымдасу ерекшелігі мынада: белгілі бір ерекшеліктері бар индивидуумдарды әйелдердің таңдай алуы салдарында құралған морфологиялық ерекшеліктердің болуында еді. Бұл көбейіп өсу процесінде басымдық алды, неғұрлым көп ұрпақ қалдырды, сөйтіп белгілі бағытта адам тегінің дамуына шешуші ықпал жасады. Ч. Дарвин осы арқылы сол бір заманғы адамның күрт жыныстық диморфизімін, денесінде жүн бүркенішінің толық дерлік жойылуын т. б. түсіндіреді. Алайда жыныстық сұрыпталуда басқа белгілер емес, нақ сол белгілердің шешуші болғандығының айқын еместігі туралы айтпағанның өзінде жыныстық сұрыптау теориясының көмегімен ми көлемінің өзгерістерін, қол бастарының қимылдағыштығын, дененің пропорциясын түсіндіру қиын еді, ал нақ осылар адамға анатомиялық ерекшелік берді ғой. Дарвин теориясы тұрғысынан алғанда адамның нақтылап сөйлейтін сөзінің шығуы мен жетіле түсуін түсіндіру қиынға соғады.
Сонымен, алғашқы тұрмыс қоғамы тарихының алғашқы жартысын қамтитын ерте палеолит дәуірі дегеніміз табиғи сұрыптаудың да, әлеуметтік тарихи заңдылықтардың да дәуірі болды. Осы дәуір бойы табиғи сұрыптау ролі бірте-бірте азайды, олар ақыр аяғында жетекші жағдайды жеңіп алғанша, әлеуметтік моменттердің ролі бірте-бірте арта берді. Қазіргі кезде Ескі Дүниенің әр түрлі салаларында үштік дәуірдің аяғындағы қазылып табылған адам тәрізді маймылдардың қазындылары ерте кезден белгілі болып отыр.2. Адамға ең жақыны дриопитекті маймылдар тобы болып шықты. Батыс Европаның, Африка мен Азияның әр түрлі облыстарының кейінгі үштік жіктерінде дриопитектердің қалдығы табылды. Дриопитектер орташа көлемі жағынан осы заманғы повиандар мен шимпанзені еске түсіретін приматтар болып келеді.Диастема күшті дамыған сойдақ тіс ретінде де,приматтар құрылысының ажырамас ерекшелігі. Сондай-ақ антропоморфты приматтардың ұқсас формалары Батыс Үндістан мен Грузияның палеонтологиялық бай мекен-жайларының кейінгі үштік қабаттарынан табылды. Гоминид семьялығының тікелей арғы тектері туралы нақтылы ұғымды жасау үшін Африкада антроморфты маймылдардың бес қазбалық түрі ашылды,бұлар үш австралопитектерді, парантроптар және плезиантроптарды біріктіреді.
1960 жылдың аяғында зинджантроп қалдықтарының сол бір геологияпық қабаттарында басқа тіршілік иесінің қалдықтары табылды. Бұдан бізге келіп жеткені бас сүйектері, төменгі жақ сүйек, бұғана, табан мен қол басының сүйектері болатын. Табан сүйегінің морфологиясын талдау, бұл тіршілік иесі тік жағдайда жүріп-тұрғанын, яғни австралопитектер сияқты екі аяқты тіршілік иесі болғанын көрсетеді. Оның қол басының сүйектері мен бұғаналары осы заманғы адамның бұғанасы мен қол басына ұқсас болған. Бірақ бас сүйек қорабының сыйымдылығын анықтау нәтижелері ерекше қызықты еді. Бұл шамамен 670-680 см3-ке тең, яғни австралопитектерге және сол заманғы адам тәрізді маймылдардікінен үлкен болып шықты. Бұл тіршілік иесінің қалдықтарын сипаттап жазған зерттеуші Ф.Тобайас мұны Homo habilis шебер адам деп атаүды ұсынды.
Homo habilis табылған қабаттардан тұрпайы қашалып жасалған малта тастар-сөзсіз алғашқы қарулар табылған. Homo habilis өмір сүрген уақыт калийаргонов әдісінің көмегімен 1750000 жыл деп анықталады, Сонымен кейінгі үштік және ерте төрттік дәуірлердің антропоморфты приматтардың палеонтологиялық олжаларын, тіпті үстірт санап өтудің өзі-ақ адамзаттың арғы отаны проблемаларының күрделілігін айқын көрсетеді. Гоминидтермен жақындастыруға болатын қазба приматтардың қалдықтары Ескі Дүниенің түрлі материктерінде табылған. Бұлардың бәрі геологиялық замандар шегінде өзара шамамен синхронды келеді сондықтан да палеонтологиялық деректер хайуанаттар дүниесінен адамның бөлініп шыққан территориясын таңдауға мүмкіндік бермейді. Ч. Дарвин азиялықтармен салыстырғанда африкалық антропоидтардың адаммен үлкен морфологиялық ұқсастығына сүйене отырып, адамзаттың арғы отаны Африка материгі болғаны, неғұрлым ықтимал деп санады. Біздің ғасырымыздың бас кезінде жасалған Үндістанда жоғары приматтардың табылған қазбалары таразы табағын шайқалтып, оны Азия материгі жағына аударды.
Алайда австралопитектік маймылдар мен зинджантроптың қазба қалдықтарының табылуы адамзаттың бесігі ретінде Африка материгіне тағы да зерттеушілердің назарын аударып отыр. Қалай болған күнде де, қазіргі кезде бұл көзқарас басымырақ болып отыр. Явадағы Сола өзенінің ерте плейстоцендік шөгінділерінде 1890-1891 жылдары тіршілік иесінің қазба қалдықтары анықталды. Бас сүйегінің қақпағы мен төменгі аяқтарының ұзын сүйектері табылды, оларды зерттеу негізінде сол тиісті болған тіршілік иесі тік жағдайларда жүріп тұрған деген қорытынды жасалды, сондықтан да Pithecanthropus erektus немесе тік жүретін маймыл-адам» деген ат тағылды. Бұдан басқа біздің ғасырымыздың 30-шы жылдарында Явада тағы да үш питекантроптың қалдықтары табылды. Питекантроп миының көлемі 900 см3 болды, ал бас сүйегі тұрпайы құрылысы мен маймылдық көп белгілерінің, атап айтқанда, бас сүйегінің шағындығымен және қабақ үстінің қатты дамығандығымен сипатталатын еді. Ерте плейстоцен дәуірі адамы қалдықтарының екінші тамаша олжасы Солтүстік Африкада 1954-1965 жылдары табылған. Бұл Явадағы олжаға қарағанда анағұрлым фрагментарлы болып келеді.
Тек үш индивидуумға тиісті болған толық сақталмаған төменгі жақ сүйектері ғана табылды.Питекантроп жақ сүйектерінің және тістерінің фрагменттерімен салыстырғанда, атлантроп шамамен Ява олжаларынікіндей морфологиялық даму дәрежесінде болған деуге болады. Атлантроппен бІрге табылған тас қарулар үлкен көлемді, өңделуі тұрпайы және формалары тұрақсыз болып келеді. Жоғарыда кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жүйесіз өңдеу іздері бар мейлінше едәуір мөлшердегі тастар өте көне дәуірдегі гоминидтердің қарулары болғандығы айтылып та өтілді. Бұл тастарға эолиттер деген ат тағылды. ¤ткен ғасырда-ақ эолиттер туралы таластар туды. Үшкір қырлары бар шақпақ теспелер тастарды бірін-бІріне соғатын және тасқынның түбіне қатты ұратын тез аққан судың тасқа тиген әсерінің нәтижесінен бола алатындығы байқалған едІ.
Бұл олжа 1856 жылы табылған еді және питекантроптың олжасы көптеген күдіктер туғызған болатын. Кейініректе ересек неандертальдықтар мен неандертальдық балалардың қаңқа қалдықтары Англияда, Бельгияда, Германияда. Францияда, Испанияда, Италияда, Швейцарияда, Югославияда, Чехословакияда, Венгрияда, Қырымда, Африка материгінің түрлі аймақтарында, Орта Азияда, Палестинада, Иранда, Иракта, Қытайда, Явада табылып отыр. Бұл аймақтарда осы уақытқа дейін жаңа ашылулар табылып жатыр және жыл сайын жаңа олжалар табыла түсуде. Неандертальдықтардың морфологиялық типі ең көне гоминидтердің физикалық ерекшеліктеріне қарағанда әлдеқайда көп жақсы жағынан мәлім.