Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге баса назар аударылып келеді.
Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту»
Джин Раддок 2004
оқушының оқу мен оқыту туралы пікірін ескеру;
оқушыға кеңес берудің әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық әзірлеу;
мәдениет мектептерінде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау.
Жобаның мақсаты:
«Оқушы үні»
«Оқушы үні» жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:
• оқушылардың өзін-өзі құрметтеуін; • мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын; • мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал ететіндігі расталды.
Жобаға қатысқан мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таң қалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар: • өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын сезінді; • мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді; • өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады; • бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады; • оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты; • мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынасты қалыптастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |