Тақырып Ақпарат және ақпараттык үрдістер жайлы түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. Тақырыпты программалық камтамасыз етумен таныстыру. Зертханалық сабақтың жоспары



бет2/2
Дата17.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#117630
түріСабақ
1   2
Ақпараттың ұсынылуы
І. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

  • кодтау, декодтау;

  • мәліметтерді беру жылдамдығы;

  • кодтау кестесі;

  • экранның көрсету қабілеті;

  • түстің айқындығы;

  • дыбысты кодтау айқындығы;

  • дискретизация жиілігі;

  • санау жүйесі;

  • позициялық/позициялық емес санау жүйесі;

  • санау жүйесінің алфавиті;

  • санау жүйесінің негізі;

  • сандардың ашық формада берілуі ;

  • сандарды нормальды түрде жазу;

  • математикалық логика;

  • пікір;

  • логикалық пайымдау;

  • ақиқат кестесі.

ІІ. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:


  1. Информатиканың базалық курсында «тіл» ұғымының алатын орны. Бұл ұғымның курстың барлық мазмұндық сызығында болуын түсіндіріңіз.

  2. «Санау жүйесі» тақырыбының мазмұнын ашатын сұрақтар тізімін жасаңыз.

  3. «Конъюнкция–және», «дизъюнкция–немесе» сәйкестіктерін есте сақтаудың мнемоникалық ережесін жасаңыз.

ІІІ. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:


  1. Позициялық санау жүйелерінде сандарды ауыстырудың негізгі алгоритмдерін айтыңыз.

  2. ЭЕМ-де екілік санау жүйесі екі... аспект бойынша қолданылады.

  3. Позициялық емес сандарды қолданудың қиыншылығы неде? Позициялық емес санау жүйелеріне мысал келтіріңіз.

  4. Қазіргі кезеңдегі ондық санау жүйесі б.э.д. .... ғасырда ....пайда болды. Бұл жүйенің шығуы ... ашылуынан кейін мүмкін болды.

  5. Римдік санау жүйесінде келесі алфавит: … қолданылады.

  6. Ақпаратты кодтау тәсілін неге байланысты таңдауға болады?

  7. Дыбыстық ақпараттың көлемін табу үшін мына формула: … қолданылады.
  1. Келесі есептерді шешіңіз:


  1. AF16 санын екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз.

  2. 1100112 санын сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз.

  3. 4910 санын римдік санау жүйесіне ауыстырыңыз.

  4. Өзіңіздің туған жылыңызды римдік санау жүйесінде жазыңыз.

  5. 0,12510 санын екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз.

  6. Мына сандардың қайсысы үлкен: 510 немесе 105; 10002 немесе 108?

  7. ASCII кестесі арқылы мына сөздерді кодтаңыз: Excel; Access; Windows; ИНФОРМАЦИЯ.

  8. .Графикалық бейнені түрлендірген кезде түстер саны 256-дан 32-ге дейін азайды. Оның жадыдағы көлемі қанша есе азайды?

  9. Келесі кестені толтырыңыз. Түстерді кодтау 16-лық (24- биттік түсайқындығы бойынша).

Түстерді кодтау кестесі

Түстің аты

Интенсивтілігі

Қызыл

Жасыл

Көк

Қара










Қызыл










Жасыл










Көк










Ақ










Сары










  1. Егер дыбыстау уақыты 3 мин. болса, жоғарғы сапалы дыбыстық ақпаратты сақтау үшін жадыдан қанша көлем керек?

  2. Келесі пікірлердіңдің терістеуін құрыңыз: «Мен испан тілін білемін», «Бұл функция – жұп», «Емтихан ертең болады».

  1. «Санау жүйесі» бойынша бақылау жұмысының мысалын жасаңыз. Әдебиеттер:

  1. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. — Минск: Вышэйшая школа, 1998.

  2. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.

  3. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. – М.: Академия, 2001. – 624 с.

  4. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. – Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет