Тақырып Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі



бет2/3
Дата22.05.2023
өлшемі27,18 Kb.
#96102
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 апта дәрісі

- жинақтық тәсіл: оң айырма алдын-ала алдағы кезең кірісі шотында, ал теріс айырма алдағы кезең шығыстары шотында жинақталып, қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесіне келесі тәртіппен:
а) шетел валютасындағы дебиторлық және кредиторлық қарыз – олардың өтелуіне есептен шығарылуына) қарай;
б) басқа жағдайларда – баланстың тиісті баптарымен шаруашылық операциялардың жүргізілуіне қарай жатқызылады.
барлық сомасы осы есепті мерзімде танылады.
1060-“Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар” – деп аталатын шотта чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар мен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек тасымалдаушы кәсіпорындардан әне байланыс ұйымдары мен басқа да субъектілерден алынған тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе олардың көрсеткен қызметтері үшін есеп айырысуға арналған.кәсіпорын, ұйым немесе мекеме чек кітапшаларын алғанда банктің депоненттелген сомасына мынадай бухгалтерлік жазуы жазылады:
Дебет 1060-“Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар” шоты, Кредит тиістілеріне қарай 1030, 12100,3020-шоттар.
-“Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар” – деп аталынатын шот дебеттелініп, 1030,6230,6280 және тағы да басқа шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Бұл шоттан төленген сомаға 1010, 1030, 1040, және тағы да басқа шоттардың тиістілері дебеттелініп, 1060-шот кредиттелінеді.
Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылары, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы ақшалай қаржылар есептелінеді.
Шаруашылық субъектілері 1060-“Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар” – деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді.негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жа1дықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі қажет:

  1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.

  2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдалануының әдісі мен тәсілі.

  3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары.

  4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.

  5. Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің “өтелінген” және “өтелінбеген” – деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар “кері шақырылатын” және “кері шақырылмайтын” болып екі түрге бөлінеді.
Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын өзіне қызмет көрсететін банк мекесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:

  1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектісінің аты.

  2. Аккредитив ашылатын келісім-шарттың көшірмесі.

  3. Аккредитив ашылатын банктің аты.

  4. Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері.

  5. Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.

  6. Аккредитивтің түрі.

  7. Аккредитивтің сомасы.

Егер аккредитивте қарастырылған бұл шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болатын болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды көрсетуі қажет:

  1. Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.

  2. Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен сенімхат.

  3. Өзінің қолтаңбасының қолы.

Жабдықтаушының банкісіндегі аккредитив мынадай жағжайларда жабылады:
1060-“ Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаты ” – деп аталатын шоттакәсіпорында, ұйымда бар, бірақ оларды пайдалануға шектеу қойылған ақша қаражаттары көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет