Сабақтың мақсаты: ақша құралдарыменолардың эквиваленттерң туралы түсінікті ашу, олардың кәсіпорын кассасындағы, аңымдық банктік шоттағы тенгемен және шетел валютасындағы есебін оқып зерттеу.
Дәріс сұрақтары: 1. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері туралы түсінік.
2. Касса операцияларының есебі.
3. Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
4. Шетелдік валютамен орындалатын операциялар есебі.
Негізгі түсініктер:ақша қаражаттары, ақша эквиваленттері, овердрафт, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, кассалық кітап, банктік шот, валюта, валюталық бағам, бағамдық айырма.
Дәрістің мазмұны: Өндірістік қызмет барысында ұйымдар өнімді өткізумен, жабдықтаушылардан материалдардың келіп түсуімен, қаржылық міндеттемелерінің орындалуы және тағы басқаларымен байланысты әр түрлі қарым – қатынасқа түседі. Осыған байланысты ақшалай есеп айырысулар не нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде, не қолма – қол ақша айналымы түрінде жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысу жүйесінің дұрыс және тиімді ұйымдастырылуы кәсіпорын қызметі барысында үлкен роль атқарады.
Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.
Ақша қаражаты-кассадағы және банктегі нақты ақшадан құрылады. Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады.
Ақшы қаражатының эквиваленті деп ақша, қаражатының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылығын өзгерту қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдарды айтады. Мысалы, банктік овердрафт. Овердрафт –бұрын дебеттік қалдықтан асатын сомаға төлем жасағанда активті шотта пайда болатын кредиттік қалдық. Яғни, банк төлеген сома клиент шотындағы ақшадан асып түссе овердрафт туындайды. Овердрафт әдетте қысқа мерзімді міндеттеме ретінде есепке алынады.
Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетіне қажет нақты ақша кассада сақталады.
Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі –беретін қондырғылар ронатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленегн ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субъектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күннің соңында кассаның тиісті жерлеріне мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелділіне жұмысқа деген не құрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықтан немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметтердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін кызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен кассир арасындағы жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт жасалуы керек.
Кассаға қабылданған нақты ақша КО-1 нысанындағы кассалық кіріс ордері бойынша кіріске алынады. Кассадан берілген нақты ақша КО-2 нысанында кәсіпорынның шығыс ордері куәландырады. Кәсіпорында кассаның кіріс және шығыс ордерлерінің мәлеметтері жүзеге асқан соң касса кітабына (КО-4) тіркеледі.
Кассадағы операциялар есебі 1000 «Ақша қаражаты» бөлімшесінің 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» активті синтететикалық шоттарында жүргізіледі.
1010 «Кассадағы ақша қаражаты»– деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша осы журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының банк мекемелері заңды тұлғалар арасындаға есеп айырысуларды жүргізу үшін және ақша қаражаттарын сақтау үшін теңгемен және шетел валютасында банктік шоттар ашады.Банктік шот – бұл клиентке банктік қызмет көрсету және ақша қабылдау туралы банк пен клиент арасындағы келісімдік қатынасты бекіту әдісі. Ұйымдар банктерде ағымдық, корреспонденттік, жинақтық, депозиттік және карт-шоттар аша алады.
Қазақстанда ҚР «Төлемдер және ақша аударымдары» туралы Заңына сәйкес банк мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай ж¯йесі жұмыс істейді (27.06.1998 жылғы № 237-I, 28.12.1998ж., № 36-1; 29.03.2000ж. № 42-П; 13.03.2003ж № 394-П; 05.05.2003 № 409-П; 08.05.2003ж. № 482-П; 13.12.2004ж. №11-Ш; 08.07.2005жылғы. № 69-Ш ҚР Заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) .
Ағымдық шоттар бойынша операциялар шот иесінің жазбаша бұйрығы негізінде жүргізіледі. Субъектінің банктегі ағымдық шотына нақты ақша қабылдануы және берілуі немесе нақты ақшасыз есеп айырысу үшін кең тараған құжаттар:
-төлем хабарламасы
-ақша чегі
-төлем тапсырмасы
-талап төлем тапсырмасы
-есеп айырысу чегі
Кәсіпорын банкіден уақтылы (күн сайын немесе банк тағайындаған уақытта) ағымдық шотынан үзінді, яғни есепті кезеңдегі жасалған операциялар тізбегін алып отырады. Банкінің үзіндісіне басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардан ағымдық шотқа келіп түскен және одан аударылған ақша қаражаты бойынша құжаттар, сондай-ақ кәсіпорыннан келген құжаттар тіркеледі.
Ұйымның бухгалтериясы ағымдық шоттағы операциялардың синтетикалық есебін 1030 «Банктік ағымдық шоттағы ақша қаражаты» шотында жүргізеді.
Аударылған, бірақ әлі кәсіпорының шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналып, ал олардың есебі 1020-“Аударылған жолдағы ақшалай қаражаттар”- деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмалардан аударылған, бірақ әзірге келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған жолдағы ақщалай қаржылар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған. 1020-“Жолдағы ақшалай қаражаттар” шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынандай құжаттар болуға тиіс:
Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылданғанын дәлелдейтін құжат.
Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы.
Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген визасы.
Аударылған, бірақ әлі кәсіпорының шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналып, ал олардың есебі 1020-“Аударылған жолдағы ақшалай қаражаттар”- деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмалардан аударылған, бірақ әзірге келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған жолдағы ақщалай қаржылар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған. 1020-“Жолдағы ақшалай қаражаттар” шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынандай құжаттар болуға тиіс:
Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылданғанын дәлелдейтін құжат.
Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы.
Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген визасы.
Шетел валютасымен байланысты операциялар № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі.
Шетел валютасындағы ақша қаражатының есебі 1030 «Банктік ағымдық шоттағы ақша қаражаты» шотарында жүргізіледі. Бұл шот активті. Бұл шоттың дебетінде есепті мерзімнің басындағы және соңындағы шетел валютасымен ақша қаражатының қалдығы, шетел валютасымен түскен ақша қаражаты, ал кредитінде шыққан шетел валютасы көрсетіледі. Бұл шоттардың аналитикалық және синтетикалық есебі 1010 және 1040 шоттарындағы есеп тәріздес жүргізіледі.
21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС –на сәйкес, шетел валютасындағы операция шетел валютасында көрінетін және реттелетін мәміле болып табылады. Оған келесі мәмілелер жатады:
- бағасы шетел валютасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда немесе сатқанда;
-алашақ немесе берешек сома шетел валютасында көрсетілгенде;
- валютаны айырбастау келісімін орындалмаған тарап болып табылса;
Шетел валютасын теңгемен қайта есептегенде ҚР Ұлттық Банкімен бекітілген бағам емес, нарықтық бағамды қолдану керек делінген.
Шетел валютасындағы операциялар есепте операцияны валютада жүргізу күнгі бағаммен бейнеленеді.
Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну қағидаларымен бекітілген тану критерилеріне сәйкес, операцияны жүргізу күні болып операцияны есептілікте тану күні саналады. Шетел валютасында көрініс тапқан баланс баптарын қайта бағалау мақсатында олар ақшалай және ақшалай емес болып екі топқа бөлінеді.
Шетел валютасындағы ақша қаражаты және шетел валютасының тұрақты сомасы төлемі арқылы алынатын немесе өтелетін активтер мен міндеттемелер ақшалай бап болып табылады. Мысалы, қысқамерзімді дебиторлық және кредиторлық борыштар, алынған және берілген несиелер. Балансты құру кезінде шетел валютасындағы ақшалай баптар есептілікті құру күнінің бағамы бойынша қайта есептеледі.
Ақшалай баптарға жатпайтын баптар ақшалай емес болып саналады. Мұндай баптарға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар және т.б. жатады. Олар қайта бағаланбайды және баланста операцияны жүргізу күнгі бағаммен көрсетіледі.
Ақшалай баптарды балансты құру күніне немесе есеп айырысу күніне қайта бағалау (қайта есептеу) нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмалар пайда мен зиян туралы есепте бейнеленеді.
Бағамдық айырма – бұл бағам өзгерген жағдайда шетел валютасының дәл сол мөлшерін бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінде есептілік валютасында көрсету нәтижесінде пайда болған айырмашылық. Пайда болған айырма шаруашылық субъектісінің қарауына қарай, бухгалтерлік есепте екі тәсілмен бейнеленуі мүмкін:
- қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесіне тікелей жатқызу тәсілі: оң айырма – қаржылық қызметтен алынған кіріс есебінің шоттарына, ал теріс айырма – қаржылық қызмет нәтижесінде шыққан шығыстар есебінің шоттарына жатқызылады.