Қорытынды: Ақша қаражаты мен оның эквиваленттері қысқамерзімді активтер болып табылады. Ұйымның ақша қаражаты кассадағы қолма-қол ақшадан және банктегі нақты ақшадан тұрады. Жалпы алғанда, ақша қаражатының есебі №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» ҚЕХС-мен реттеледі. Қазақстанда ҚР «Төлемдер және ақша аударымдары» туралы Заңына сәйкес банк мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Шетел валютасымен байланысты операциялар 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі.
Дәріс тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқау: «Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).
Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
Тестіні орындаңыз.
Ситуациялық есепті шығарыңыз.
БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер: Қазақстан Республикасының 28.02.2007ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлікесеп пен қаржылықесептіліктуралы» Заңы- www.Законы.kz
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары 7 - www.Минфин.kz
З.М. Шаукерова, Б.И. ТөкеноваҚаржылықесеп 1. Оқуқҧралы. - Астана: С. СейфуллинатындағыҚазАТУ, 2015- 131 б.- ҚАТУ ПОҚ Электронды кітапханасы.-//http://portal.kazatu.kz/e-books/content/lZIR2bsmEkc0CT1lKNrJ/
Байдақов А.Қ., Спатаева С.Б., Токенова С.М. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп: оқу құралы. – Астана: С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, 2017. – 92 б.- ҚАТУ ПОҚ Электронды кітапханасы.- //http://portal.kazatu.kz/e-books/content/zCGhXEPr8jstiuv1dut5/
Тукенова, С.Б. Спатаева Қаржылық есеп-2: оқу құралы. – Астана: С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасы, 2018.–93 б.-ҚАТУ ПОҚ Электронды кітапханасы -//http://portal.kazatu.kz/e-books/content/ML8HJsBykL82h3b0O6JA/
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары: Ақша қаражаты бухгалтерлік есепте қандай жағдайда танылады?
Ақша баламалары дегеніміз не?
Кассадағы ақша қаражаттарының есебі қай шотта жүргізіледі?
Кассадағы ақша қаражаттарының кірісі қандай құжаттармен ресімделеді?
Кассадағы ақша қаражаттарының шығысы қандай құжаттармен ресімделеді?
Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандарын атаңыз?
Ақша қаражаттарына қалай түгендеу жүргізіледі?
Ақша құжаттарын түгендеу қандай құжат арқылы ресімделеді?