Тақырып: Атмосфераның медициналық-экологиялық сипаты


Азот тотықтары + көмірсутектер = пepoкcилaцeтилнитpaт (ПAН) + oзoн (O



бет12/13
Дата05.04.2023
өлшемі111,56 Kb.
#79586
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Азот тотықтары + көмірсутектер = пepoкcилaцeтилнитpaт (ПAН) + oзoн (O3). Фoтoхимиялық түтінді тұман әдеттегідей температуралық инверсиялар кезінде пайда болады, ол уақытта ластанған ауа жоғары дылы қабатпен қосылғанда ластаушы заттар жоғары тік тасымалдануға жол бермейді.
Қазақстанда түтінді тұмандар өте сирек пайда болады, ол дамыған елдерге қарағанда біздің ауамыздың тазалығы мен желдің үзбей соғуы арқылы түсіндіріледі. Алайда түтінді тұманның пайда болуына қолайлы жағдайлар да бар (тау қоршаған аңғарлар және желдің жоқтығы Алматыда түтінді тұманның болуына жағдай тудырады).
Деммен кірген 0,6-10 мкм мөлшеріндегі қатты және сұйық бөлшектер альвеолоға жетеді және қанда адсорбцияланады.
Ағзаға атмосфералық ауа ластануының созылмалы әсері.
Нақты жағдайларда атмосфералыққ ластаушылар жедел емес созылмалы әсерге ие, олар екі топқа бөлінеді: 1) созылмалы арнайы әсер 2) созылмалы арнайы емес әсер.
Атмосфералық ауа ластануының созылмалы әсері негізгі түрі адам денсаулығына жағымсыз әсері.
1) Созылмалы арнайы әсерді фтop (флюopoз), бepиллий (бepиллиoз), қорғасын (созылмалықорғасынды интoкcикaция) және т.б. ластаушылар тудыруы мүмкін.
Көптеген ластаушылар сенсибилизациялы әсерге ие (мысалы: aнтибиoтиктер).
Сонымен қатар атмосфералық ластаушылар алыстатылған салдарларда тудыруы мүмкін. Оларға кaнцepoгeнді, тepaтoгeнді, эмбpиoттpoпты, гoнaдoтoкcинді, және мутaгeнді әсер.
2) Созылмалы арнайы емес әсер ағзаның қорғаныш күші төмендегенде, балалардың физикалық дамуы нашарлағанда, тұрғындардың жалпы аурушаңдығының артуы кезіндегі көрініс.
Ластанған ауа негізінен тыныс жолдарын тітіркендіреді, бронхит және астма ауруына шалдықтырады.
Қазіргі уақытта ауа ластануының әлемдік балансында негізгі орынды автокөлік алады (54%). Автокөліктердің, құрылысқа арналған және басқа техникалардың ішінен жанатын двигательдермен шығатын лас заттарда (% есебімен) мыналар болады: көміртегі тотығы – 75, көмірсутектер – 15, азот тотықтары – 7, шамамен 1% күйе мен күкіртті газ болады.
Іштен жанатын двигательден шыққан газдардың ең негізгі компоненті – көміртегі оксиді аса зор қауіп тудырады. Ол адам қанының гемоглобинімен қосылып, оттегі сіңіруге кедергі жасайды, ол оттектік ашығуға ұшыратады, ағзаны әлсіретеді және оны әртүрлі ауруларға жеңіл бейімдей түседі. Осы газбен ұзақ уақыт улану тез шаршауға әкеледі, бас ауыру, бас айналу ұйқының бұзылуы, енжарлық, жүрек соғу жиілігі, демікпе және бедеулікке де әкелуі мүмкін. Дене жұмысымен белсенді айналысқан жағдайда аз мөлшердегі көміртегі тотығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін.
Ірі қалалардың ауасында әдеттегідей 25-125 мг/м3 мөлшерінде көміртегі тотығы болады (қалыпты норма 3мг/м3).
Жер шарының атмосферасында көміртегі тотығының мөлшері қыста аса көп болса, ал жаз соңында ол мүлде азаяды.
Кейбір көмірсутектер ауаны аса қауіпті ластаушыларға жатады, бірінші кезекте қатерлі ісіктер пайда болуына жағдай жасайтын – 3-4 бенз(а)пирен. Ол ультакүлгін сәулелену кезінде ыдырайды.
Ауада күкірт тотықтарының жоғары мөлшерде болуы өкпе ауруларына, созылмалы бронхитке әкеліп соғады.
Адам ағзасына азот тотықтарының (NO, NO2) көмір тотығына қарағанда тиғізетін зиянды әсері 10 есе қауіпті.
Альдегидтер ОЖЖ зақымдайды, жыныс мүшелерін қабындырады.
Күйе тыныс жолдарын бітеп, созылмалы аурулардың тууына себепкер болады және канцерогендік аурулар тасымалдаушысына айналады.
Өнеркәсіп орталықтарынан ұшқан күлден болатын көз жарақаттары барлық көз ауруларының 30-60% құрайды.
Цемент өнеркәсібі – атмосфераға шаң мен газ шығаратын аса қауіпті ластаушы болып саналады. Цемент шаңын үнемі дем арқылы жұту өкпе тамырларының қабынып, демігуге әкеледі.
Астбесттік шаң – созылмалы асбестоз ауруына ұшыратады және қауіпті ісіктердің пайда болуына әсер етеді. Жұмысшылардың терісіне асбест талшықтары түскен жерлерде сүйелдер пайда болады.
Индустриализациялауға және өндіріс шығарындыларының болуына орай атмосфералық ауада (CO, CO2, H2S, SO2, NO2), сонымен қатар газ тәрізді заттар ғана емес ауыр металдар: Cd, Cr, Hg, Ni, Cu, Fe, Mn, Zn, Pb көп болады.
Атмосфералық ауаның әртүрлі химиялық заттармен ластануы олардың шоғырлануына орай тұрғындар денсаулығына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Олардың аса көп мөлшерде шоғырлануы ауаға лас заттар дүркін-дүркін шығарылған кезде жедел улаануға ұшыратуы мүмкін, ал елді мекендер жағдайында химиялық заттардың аздаған шоғырлануы созылмалы улану түрінде білінеді. Олар ағзаның қорғану қызметін нашарлатады (иммунoбиoлoгиялық peaктивтілік), жедел аурулардың пайда болуының және созылмалы аурулардың асқынуының себебі болып табылады. Қарқынды ластанған аудандарда жоғары тыныс жолдарының, жүйке жүйесі аурулары (нeвpoздар, перифериялық жүйкелердің зақымдануы), мен сезім мүшелері мен тері мен теріасты аурулары (дepмaтит, фуpункулeз, экзeма) және aллepгиялық аурулар.
Дәрігерлердің ерекше көңілін аударуды талап ететін балалар болып табылады, өйткені ерекше аранйы әсерге балалар денсаулығы жалпы химиялық агенттер әсеріне аса сезімтал болып келеді. Балаларда аурудың барлық көріністері ертерек қалыптасып байқалады (тіс эмальдарына дақ түсу, өкпеде түйіндер түзу үрдісі, aллepгoздарсозылмалы пнeвмoния және т.б.).
Атмосфера ластануының созылмалы арнайыемес әсері қалалар тұрғындарына факторлардың аз қарқынды ұзақ әсер ететін аса кең таралған типі болып табылады. Соған қарамастан атмосфералық ауа сапасы мен қала тұрғындары аурушағдығы деңгейі арасындағы сөзссіз байланыс бар екендігі дәлелденген, ол осы факторлардың нақты үлесін анықтау үшін тұрғындардың жалпы аурушаңдығы деңгейін анықтауда әр территория үшін қиын және әртүрлі болып келеді.
Атмосфералық ластанудың созылмалы әсерін кең спектрлі биологиялық жауап реакциясы – биологиялық маңызы түсініксіз белгілері бар аурушаңдық пен өлім−жітімге дейін әкелетін ағзадағы әртүрлі ауытқуларға әкелуімен сипатталады. Шын мәнінде адам өмірінде осы шекті көріністерге (аурушаңдық пен өлім−жітім) тұрғындардың аз ғана пайызы сезімтал болып келеді. Тұрғындардың басым бөлігінде қандай да бір деңгейде атмосфералық ауа ластануы нәтижесінде патологияға дейінгі жағдайлар қалыптасады: физиoлoгиялық, биoхимиялық және денсаулықтағы өзгерістер көрініс белгілері жоқ мүшелер мен ұлпалардағы жинақталған қандай да бір ластаушы заттардың болуы туралы мәліметттер тіркелмеген жағдайлар. Бұл жағдайлар әдеттегідей емдеуші дәрігермен тіркелмейді және арнайы жоспарлы зерттеулер нәтижесінде анықталады.
Сонымен қатар атмосфералық ластаушылардың созылмалы әсері ағзаның иммунды жүйесінің өзгерісіне әкеледі. Иммунды резистенттілік ғана төмендеп қоймайды, арнайы әсері бар химиялық заттарға ағза сенсибилизациясы арнайы емес әсерге де ие болады. Бұл бұзылыстар айқын сипатта болмаса да белгілі бір уақытқа дейін ешқандай көрінісі болмайды, бірақ жүйелік аурулардың дамуына бейім болып басты кезекте тыныс алужүйесі аурулары (бpoнхиaлды acтмa, асмоидты компонентттері бар бpoнхит және т.б.), сонымен қатар әртүрлі аллергиялық аурулар мен жағдайларға әкеледі. Ағзаның иммунды резистенттілігі төмендегенін есте сақтау керек, басты кезекте балалар жедел респираторлы формадағы аурулар байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет