Қара мeтaллуpгия. Қазақстанның қара металлургиясының өзегі Қарағандының металлургиялық комбинаты және Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, ал түсті металлургия – аса ірі Жезқазған және Балқаш мыс қорыту зауыты, Шымкенттік және Лениногрск қорғасын зауыты, Зыряновск қорғасын комбинаты, Өскемендік қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемендік титан-магний комбинатын болып табылады.
Ластаушы көздерден 4-5 км қашықтықтағы атмосфералық ауадағы ШРЕК-тен асып түсетін түсті металлургия өнеркәсібінен ұшатын зиянды заттар (мышьяк, қорғасын, мырыш, кaдмий, шаң, күкіртті гaз), бар екендігі байқалады.
Мұнайхимиялық зауыттарданауаға ұшатын көмірсутектер, күкірттің қос тотығы, азот қос тотығы, күкіртсутек кездеседі. Олардың шоғырлануы сол ластану көздерінен 11-12 км қашықтықта да ШРЕК-тен жоғары болады.
Республикада химия өнеркәсібі Жамбыл Қаратау аймағындағы фосфориттік кен орнын игеруге байланысты қарқынды дами бастады. Олар атмосфералық ауаны фосфор, фосфор тотығы, фосфорлық сутек, фторлы сутек, азот тотығы қоспалары, шаңмен ластайды. Олардың қатарына Шымкент, Жамбыл фосфор зауыттары,Қаратау фосфорлық жартылай шикізат зауыты сияқты алып өнеркәсіп орындары бар.
Құрылыс индустриясының кәсіпорындары –цемент зауыттары, асфальт-бетон және үй құрылысы комбинаттары атмосфераны әртүрлі шаңдармен ластайтын бірден –бір ластаушы көздер болып табылады. Жылу беруші қондырғылар (отынмен жылыту және өндірістік қазандықтар мен пештер, жылу электр станциялары) Жылу энегетика объектілері. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер ретінде жылу энергетикалық объектілері қазіргі таңда жетекші орын алады. Ұшқыш лас заттардың сапалық құрамы отын түрінде және оны жағу жағдайларына байланысты болады.
Отын түгелдей жанып бітпесе, көміртегі тотығы пайда болады. Толық жану – газ тәрізді отындарда жоғары, сұйық отында азырақжәне қатты отында ең төменгі деңгейде жүреді. Сондықтан ауа бассейнін санитарлық қорғау тұрғысынан алғанда, газды отын басқаларынан әлдеқайда тиімді. Шығарылатын түтінді газдарда қалқыған заттар мөлшері отынның күрделілігіне тікелей тәуелді.
Пайдаланылатын отын күкірттілігімен де сипатталады. Қатты отын сұйық отынға қарағанада шамалы күкірттілігіарқылы арекшеленеді (1,5-1,7% шамасында).
Сонымен қатты отында (көмір) жұмыс істейтін жылыту энергетикалық нысандардың атмосфералық ауаға шығаратын басты зиянды заттары – көміртек тотықтары, күкіртті газ, шаң (көмірдің жанбаған бөлшектері) күл (күйе, ыс), аэрозольдер, түтін конденсация аэрозольдары.
Сұйық отын пайдаланғанда осы нысандар елді мекендердің ауа бассейнін негізінде күкіртті газбен және азот тотықтарымен, көп мөлшерде мазут жағылғанда шаңмен,түтінмен ластайды.
Газ тәрізді отынды қолдану атмосфералық ауаны азот тотықтарымен ластауға әкеліп соғады.
Қазіргі уақытқа тән отынды барлық жерлерде көп мөлшерде жағу ауа бассейнінде толық жанып сіңірілетін өнімдердің бірі болып саналатыны – көміртегінің қос тотығының кең таралуына жол ашуда.
Көлік. Қазақстан Республикасында көліктің басым түрі автомобиль болғандықтан аумақтың атмосфералық ауасы олардан шығарылатын заттармен көбірек ластануда. Автомобиль двигательдерінің жиынтық қуаты, барлық электростанциялар қуатынан бірнеше есе асады, сондықтан да елді мекендердегі қоршаған ортаны осы көліктен шығатын зиянды заттар барлық ластаушы көздердің 30-70% дейін құрайды.