Тақырып Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы


Бағалы қағаз нарығындағы коммерциялық банктер



бет3/4
Дата01.11.2022
өлшемі39,56 Kb.
#46643
1   2   3   4
Байланысты:
03 Тақырып (БОӨЖ) 1. Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыпт

Бағалы қағаз нарығындағы коммерциялық банктер. Әр түрлі елдердің ұлттық заңдылығы, ұлттық қор нарықтарының қалыптасу ерекшеліктері ме, тарихи дәстүріне байланысты банктер әр түрлі роль атқарады. Әлемдік тәжіри-беде қарапайым банк қызметінің бағалы қағаз нарығы қызметімен үйлесуінің екі түрлі көз қарасы бар.
Біреуі бойынша банктерге бағалы қағаз нарығында кәсіби қызметтің кейбір түрлерімен айналысуға (брокерлік, дилерлік, нарықты ұйымдастырушы) тыйым салынады. Сондай - ақ, инвесторлар ретіндегі кәсіби емес қызметтердің кейбір түрлеріне шектеу қойылуға тиіс. Бұл әдіс АҚШ-та қолданылады. Онда әмбебап банктерді коммерциялық және инвестициялық банктерге бөледі.
Коммерциялық және инвестициялық банктерге бөлу коммерциялық банк-терге (салым және депозит қабылдайтын) Бағалы қағазмен жасалатын кейбір кәсіби емес операцияларға тыйым салуды білдіреді (мемлекеттік емес бағалы қағаз инвестиция салуға тыйым салады). Екінші көзқарас банктерге қарапайым банк операцияларын бағалы қағаз нарығындағы операциялармен үйлестіруге рұқсат беруді білдіреді. Ондай көзқарас европа елдерінде басымырақ қолданылады. Бұл әдіс ГФР-де тиянақты түрде қолданылады, онда заң бойынша банктік ұйымдар арнайы лицензия негізінде клиенттердің қаржылық құралдарымен “классикалық қызмет шеңберінде де жұмыс істей алады. Европа-дағы бәсекелестік ықпалымен кейбір банктер өз қызметтеріне мамандану кон-цепциясы мен әр түрлі филиалдар және еншілес қоғамдар бойынша әр түрлі банк қызметтерін бөлуді өздері еңгізеді. Мұнда заңды талаптар ескерілуге тиіс.
Тіркеушілер. Бағалы қағаз нарығндағы тіркеушілер (регисторлар) дегені-міз әдетте эмитентпен келісім шарт бойынша реестр жүргізетін ұйым. Реестр дегеніміз белгілі күнге жасалған атаулы бағалы қағаз иелерінің тізімі. Тіркеуші-нің міндеті уақытында, қатесіз реестрді эмитентке беру. Ал эмитентке реестр не үшін қажет. Алдымен ол эмитент шығарылған бағалы қағаз иесінің алдында өз міндеттерін орындау үшін қажет.
Эмитенттің атаулы бағалы қағазы бойынша міндетін атқаруы төмендегі тәртіппен жүріледі. Эмитент қызметкерлері реестрге сәйкес дивидендтерді ау-дарады немесе, мысалы, иеленушілерге акционерлер жиналысына шақыру сала-ды. Атаулы бағалы қағазды ұсынылатын бағалы қағаздан айрықшалайтын бір белгісі осы.
Тіркеуші қызметтерін АҚ өзі атқаруы мүмкін, кейде оған тән емес қызмет-термен айналыспас үшін АҚ реестр жүргізуді кәсіби қызмет көрсететін ұйым-дарға бөледі.
Дәстүрлі түрде ондай ұйымдар ролін банктер немесе мамандандырылған тіркеушілер атқарады. Эмитент тіркеушілермен реестр жүргізу туралы келісім- шарт жасайды,оның жұмысыгна төлейді.
Өзінің негізгі қызметімен қоса, тіркеушілер қосымша міндеттер атқарады.
Тіркеуші реестрді жинау және эмитенткеберу бойынша өзінің негізгі мін-деттерін төмендегідей жолмен атқарады. Әдетте тіркеуші бағалы қағаз иелері-нің тұлғалық шотын жүгізеді. Тұлғалық шотта иесіне тиесілі бағалы қағаз саны, сондай- ақ, иеленуші туралы барлық қажет ақпараттар жазылады. Егер сатылса, иеленушінің туысқаны туралы реестрде тіркелуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет