Тақырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы Сұрақтар: кокп ок-нің 1985 ж. Сәуір Пленумы. «Қайта құру»


Қазақстанның қайта түлеуі 1986 Желтоқсан оқиғалары



бет2/4
Дата28.03.2023
өлшемі24,76 Kb.
#77035
1   2   3   4
2. Қазақстанның қайта түлеуі 1986 Желтоқсан оқиғалары
Бүгінгі «тарих айдынында» сұхбатымызда, 1986 жылы желтоқсандағы қазақ жастарының Кеңестік биліктің өктемдігіне қарсы көтерілісіне тоқталамыз. Жастар Кеңес Одағы Компартиясы І. Хатшысы Михаил Горбачевтың халықпен санаспастан Қазақстан Компартиясының жетекшісі Дінмұхамед Қонаевты зейнетке шығарып оның орнына Ресей Федерациясынан Геннадий Колбинді тағайындауына ашық қарсылық білдірген-ді. Бұл уақиға тек Қазақстан қана емес, сонымен қатар әлем тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі деп саналуға тиісті. Өйткені бұл әрекет Кеңес Одағының құлауының да бастамасы еді. Енді бүгінгі сұхбатымызда қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы туралы тоқталмақпыз.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан арманы болған тәуелсіздікке 1991 жылы 16 желтоқсан күні қолы жетті. Бірақ бұл сырттай қарағанда Кеңес Одағының шаңырағынын өздігінен опырылып құлауымен оп-оңай келген жеңіс сияқты көрінгенімен, мұның артында қазақ батырлары мен зиялыларының көзсіз ерліктерінің жатқаны ақиқат. Патшалық Ресей бодандығына қарсы алғашқы ірі көтерілістерді Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және Кеңесары Қасымұлы ұйымдастырып, ұлт-азаттығы жолында құрбан болған еді. 1917 Ақпан төңкерісімен Патшалық Ресей құлап, қазақ халқы арманына жететіндей болды. Осы орайда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат сынды қайраткерлер Алаш ұлттық қозғалысына жетекшілік етіп қазақ ұлттық мемлекеттігінің негізін қалауға күш жұмсады. Алайда Большевиктер бұған жол бермеді. Қазақ жерінде Кеңестік билік орнады. Бірақ қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы арманы толастаған жоқ.
Жоғарыда айтылған ұлт-азаттық көтерілістерінің жалғасы, һәм қорытындысы ретінде 1986 жылы 17-18 күндері қазақ жастары демократиялық көтерілісін айта аламыз. Олар қазақ халқының хақ-құқықтарын қорғау мақсатымен алаңға шықты. Міне бұл сан ғасырлық тәуелсіздік арманының жүзеге асуының алғашқы қадамы ретінде тарих беттерінде орын алды. Қазақ жастарының көтерілуіне 24 жыл бойы Қазақстан Компартиясын басқарған Дінмұхамед Қонаевтың орнына бір қазақ емес, тіпті Қазақстанда туып өскен бір орыс та емес, Ресей Федерацсиясы ішінен Геннадий Колбин атты бір саясаткердің тағайындалуы себеп болды. Мұның өзі Кеңес Одағын көбірек демократияландыру, халықты ел басқаруға көбірек араластыру жөнінде “қайта құру” және “жариялылық” науқандарын бастап отырған Горбачевтың саясатына қайшы еді. Негізінде қазақ жастары оның сол саясаттарына сеніп демократиялық көзқарастарын атап өту үшін алаңға жиналған еді. Кейін Кеңестік үгіт-насихат органдарының бұрмалап айтқанындай, ол “қазақ ұлтшылдығы” немесе “орыстарға қарсы дүшпандық” пиғылдағы әрекет емес еді.
Бірақ Мәскеудегі билік мұны көргісі де, түсінгісі де келмей, қазақ жастарының бейбіт демократиялық қозғалысын күшпен, қанмен жаншуға ойысты. Алаңда жиналғандарға қарсы сапер күректері, талағыш иттер, өртсөндіруші машиналар, бронды транспортерлер жіберілді. Қолға түскен жігіттер мен қыздар қақаған аязда бірнеше сағат бойы зорлықпен қар үстіне жатқызылды, оларға өрт сөндіргіш машиналардан суық су бүркітілді. Бұл уақиғалардан көптеген жастар жарақат алды. Жүздеген адамның құрбан болғаны айтылса да, күні бүгін дәлелденбей келеді. Өйткені осы уақиғалардан кейін республикада желтоқсан уақиғаларын зерттеуге, жазуға, айтуға тыйым салынған еді.
Желтоқсан оқиғалары 1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері ғана болған екі күндік қимыл емес. Ол Кеңес Одағының күйреу себептерінен бірі болып, әлемдік тарихта терең із қалдырған күрделі процес. Біздің ойымызша, желтоқсан оқиғаларына қатысқандар ақталған және Кеңестік билік келмеске кеткен 1991 жылға дейінгі бес жылтық үрдісті қамтиды. Оған төрт кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең уақиғалардың пайда болуы, екінші кезең Мәскеудегі биліктің қазақ халқын “ұлтшылдықта” айыптап, Қазақстанда қазақтарға қарсы науқан жүргізуі, үшінші кезең қазақ зиялылары мен депутаттарының Мәскеудің қазақты құрту жөніндегі осы саясатына қарсы іс-қимылдары, төртінші кезең Горбачевтің қателігін мойындап, Колбинді қызметінен алып, орнына қазақ халқының табиғи жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевты тағайындауы, сөйтіп Қазақстанның қайта түлеуінің басталуы.
Осы уақиғалардың әлемдік тарихтағы маңызы қазақ жастарының тек қазақ халқына қана емес, сонымен қатар Кеңес Одағындағы өзге халықтарға да Компартияның орынсыз шешімдеріне қарсы ашықтан ашық қарсы шығуына болатынын көрсетуінде. Өйткені осы оқиғалардан кейін Қавказ, Балтық жағалауы және өзге Кеңестік аймақтарда халықтар Мәскеуге қарсы жаппай шерулерге шығып демократиялық хақ-құқықтарын талап ете бастады. Міне бұл Кеңес Одағының ыдырауына әкеп соқтырған маңызды құбылыс еді.
Қазақстан тарихы тұрғысынан алар болсақ, бұл көтеріліс Қазақстанды жіті білмейтін жат-жұрттық Геннади Колбиннің биліктен кетуіне түрткі болып, Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке келуін қамтамасыз етті. Негізінде Горбачевтың әу баста, атап айтқанда 1986 жылы қабылдайтын дұрыс шешімі осы еді. Бірақ ол бұған бармады. Өйткені Қазақстанда Homo Sovieticus, яғни ұлтсыз және рухсыз Кеңес адамы жарату жөніндегі саясаттарының Қонаев кезінде толық іске аспай қалғанын байқап қалған Мәскеудегі билікке қазақ халқының саясатта, ғылымда және басқа салаларда қол жеткізген ұлттық сипаттағы жетістіктерін жою керек болды. Бұл үшін Қазақстанды білмейтін, тіпті қазаққа жаны ашымайтын қатыгез бір саясаткерді Ресейден әкеліп тағайындады. Бірақ Мәскеу ұлттық санасы күшті қазақ жастары және олардың артынша зиялыларының бұған жол бермейтін батыл іс-әрекеттерге бара алатынын есептемеген еді.
Желтоқсан оқиғаларының жүздеген, тіпті мыңдаған қаһарманы бар. Бірақ бүгінгі күн тұрғысынан оның екі символдық қаһарманы болғанын айта аламыз. Біріншісі батыл түрде алаңға шыққан қазақ жастары үшін нақақ сотталып, жұмбақ жағдайда түрмеде көз жұмған Қайрат Рысқұлбеков, екіншісі қазақтарының алаңдағы күресін саясатқа көшіріп, Қазақстан Парламентінде оқиғалардың шындықтарының зерттеу комиссиясының құрылуына, сөйтіп Колбиннің биліктен аластатылуын қамтамасыз еткен ақын, жазушы Мұхтар Шаханов.

3. 1985-1991 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. 


Осылайша «қайта құрудың» алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы 
және қоғамдық-саяси өмірді жоғарыдан жүзеге асырылған жеңіл-желпі 
шаралармен реформалау мүмкін еместігін айдан-анық көрсетті. 1988 жылдан 
бастап Коммунистік партия тарапына сындар айтылып, жаңа қоғамдық 
ұйымдар құрыла бастады. 1987 жылы тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым - 
әлеуметтік-экологиялық «Инициатива» бірлестігі құрылып, ол өзінің алдына 
соғысқа қарсы тұру, экологияны, бейбітшілікті қорғау, қоғамды 
демократияландыру мақсатын қойды. Жұмысшы қозғалысы да елеулі саяси 
күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды көмір бассейнінің шахтерлары 
ерекше рөл атқарды. 1989 жылы Жаңаөзендегі оқиға әлеуметтік- 
экономикалық саладағы көкейтесті мәселелерді көтерді. 
Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында Бұқаралық 
хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан 
жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. 
Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар 
жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында халықтың азаматтық және 
ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Қоғамда орын алған жұмыссыздық, балалар 
өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер 
жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі 
Бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. 

4. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) (орыс: Содружество Независимых Государств, СНГ) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.


ТМД ұлттықтан жоғары ұйым болып табылмайды және өз қызметін ерікті негізде, оның мүшелерінің келісімімен жүзеге асырады.
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді.
1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты.Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Құрылымы
Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Экономикалық кеңесі;
Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
ТМД Экономикалық соты;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
ТМД-ның Атқарушы комитеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет