Тақырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы Сұрақтар: кокп ок-нің 1985 ж. Сәуір Пленумы. «Қайта құру»



бет4/4
Дата28.03.2023
өлшемі24,76 Kb.
#77035
1   2   3   4
Байланысты:
Тақырып 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы

Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. 
Бүлік (нем. putsch — бүлік) — арандатушы шағын топ жасаған мемлекеттік төңкеріс, немесе төңкеріс жасауға ұмтылған арандатушылық пиғыл.
Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Коммунистік құрылыстың бірінші сатысы.
Кооперация (лат. cooperatіo – ынтымақтастық) – 1) жеке тұлғалардың ұжымдық кәсіпкерлік үшін ерікті мүшелік негізінде құрылған бірлестігі; 2) бір не бірнеше елдегі шетелдік серіктестері қатысуымен бірлескен немесе өзара келісілген өндірісті ұйымдастырудың әмбебап нысаны. Ол өнім өндіруді бөлісуге, тәуекелдіктердің өзара кепілдігіне, инвестициялар мен өнеркәсіптік секторды ортақтасып қорғауға негізделген. 3)бір немесе бірнеше әлеуметтік топтардың өкілдері бір мақсатқа жету жолында бірігіп, ұйымдасқан түрде әрекет ету процесі.
М.С. Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. 
Жариялылық - мемлекеттік және басқа да институттардың іс-әрекеттерінің ашықтығы, ақпараттың кең таралуы, ұйымдар, мекемелер мен лауазымды тұлғалардың азаматтарға ашықтығы, қоғамдық пікірді анықтау және есептеу, қабылданған шешімдерді жариялау.
Сөз Бостандығы - «Ақпарат бостандығы» атты атау алған барынша жалпы құқықтың құрамдас бөлігінен тұратын азаматтың саяси құқықтары мен адамның негізгі жеке құқықтарының бірі. Өзінің пікірін (ойларын) жария түрде (ауызша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жазбаша) білдіру мүмкіндігі түрінде көрінеді.
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.
Көппартиялы жүйе - үкіметтік институттардың қызмет етуіне ықпал ету үшін екіден көп партиялар мықты ұйымдастырылуы мен ықпалға ие болатын жүйе.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет