V.Соттар туралы. Заң алдында барлық азаматтар тең және заңның қорғауын бірдей пайдаланады. Сот — тергеу органдары қырғыз халқының тұрмыс- жағдайларына сәйкес құрылады. Сот ісі, сотта сөйлеу қалықтың көпшілігі сөйлейтін тілде жүргізілсді.
VI.Қорғаныс. Тұрақты әскер халық милициясымен алмастырылуға тиіс. Әскери өнерді үйрету жергілікті жерлерде жүргізілуге тиіс. Қырғыздар әскери қызметті атты милиция қатарында атқаруға міндетті.
VII.Салықтар. Салықтар саласында үдемелі табыс салығы салынады.
VIII. Жұмысшы мәселесі. "Алаш" партиясы жұмысшы мәселесінде социал демократтардың (меньшевиктердің) бағдарламасын қолдайды.
IX.Халық ағарту. Ана тілінде жаппай, тегін оқыту. Қырғызияда қырғыз тілінде оқытатын орта және жоғарғы оқу орындарын ашу, ағарту саласы автономиялы болуға тиіс; оқушылар өзі қалаған мамандығы бойынша білім алады. Кітапханалар, оқу үйлері ашылуға тиіс.
X.Жер мәселесі. Жерге алғашқы кезекте байырғы халық орналастырылуға және алдағы уақытта қырғыздар біржола орналастырылып болғанша, қырғыз өлкесіне сырттан әкеліп қоныстандыру тоқтатылуға тиіс.
Қоныстандырылмай бос жатқан және босап қалған учаскелер байырғы халыққа берілсін. Жерді пайдалану нормасын жер алқаптарының сапасын және ауыл шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті жер комитеттері белгілейді, ал жерге орналастырылғаннан кейін алған артық жер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (земстволар) қорына түседі. Халықтың көбею шамасына (өсуіне) қарай аталған жер қорынан жерсіз немесе жері аз атырақтарға жер беріледі.
Түркістанда жер алқаптарымен бірге су бөгендері де ортақ бөлініске түсуге тиіс.
Жерге орналастыру кезінде жерді қауымдасып теңгерме пайдалану енгізілсін (жер ауылдар немесе басқа да шаруашылық бөліністері арасында бөлінсін). Жер алқаптарын сатуға тыйым салынсын.
Кен байлықтары мемлекет игілігі болуға тиіс, бірақ ең жақын қожайыны жергілікті өзін-өзі басқару органдары (земстволар) болып табылады.