Мемлекеттік «мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстанның мәдени мұра жобасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.
Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
Қазіргі типтегі партиялардың пайда болуына ықпал еткен маңызды факторлар КСРО-ның бірпартиялық жүйесін «бөлшектеу» кезеңі одақтас республикалардағы көппартиялылықтың қалыптасуының белгілі бір бастауына айналды. Қоғамдықсаяси өмірдің жаңа салтының құрылуы қоғамның әлеуметтік құрылымының трансформациялануы мен саяси жүйенің жаңа мүмкіндіктеріне байланысты орын алды12. 1990 жыл табалдырықтан аттар тұста Қазақстанда 100- ден аса тіркелген және тіркелмеген қоғамдық ұйымдар болды. Олардың көпшілігі кеңес, топтар, комитет, қауымдастық түріндегі клубтық бірлестіктер сипатын иеленген еді13. Ұйымдардың, біріккен түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің анағұрлым күрделі саяси құрылымға айналуы үшін белгілі бір қуаты мен мүмкіндіктері бар болатын. Алайда, соңынан бұл ұйымдардың бар болғаны бір бөлігі ғана сол кезде қалыптасқан саяси конъюнктураға сай трансформацияланды. Шынтуайтында, альтернативті саяси партиялар әрекет ету құқығын 1991 жылғы 1 қаңтарда «Қоғамдық бірлестіктер туралы» КСРО Заңы күшіне енгеннен кейін алды14. Тиісті нормативтік-құқықтық базаның құрылғанына қарамастан, көппартиялық жүйенің қалыптасуына түбегейлі бетбұрыс КСРО мен оның мызғымас элементі СОКП тарағаннан кейін орын алды15. Қазақстанның партиялық-саяси алаңы 1990 жылдардың алғашқы жартысында саяси партиялардың дүниеге келуімен сипатталды, алайда, олар орнықты саяси ұйымдар критерийлерінің бәріне дерлік сәйкес бола алмады16. Партиялық құрылыс үдерісі саяси идеологияның жиі ауысуы, әлеуметтік базаның жетіспеушілігі және партиялардың басым денінің саяси бағдарламаларының айқын болмауы жағдайында өтіп жатты. Жалпы алғанда, Қазақстандағы саяси партиялар институтының дамуын шартты түрде төрт негізгі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең деп 1990 жылдан 1995 жылдың күзіне дейінгі аралықты есептеген жөн. «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» заңның қабылдануы (1991 жылдың маусымы), Қазақстан Коммунистік партиясының саяси аренадан кетуі (1991 жылдың тамыз-қыркүйегі), КСРО-ның таратылуы Қазақстанда көппартиялық құрылым үдерісін жеделдете түсті. Социал-демократтар, социалистер, «Алаш» партиялары, «Қазақстанның Халықтық Конгресі» партиясы (ҚХКП), Республикалық партия жаңа үлгідегі саяси партиялардың алғашқылары болды. Саяси плюрализм мен көппартиялылық жағдайында партиялардың мемлекеттік билікке жіберілуі сайлаушылардың ерік-жігерін білдіретін еркін сайлау арқылы жүзеге асырылады. Ақиқатында, Қазақстанның саяси партиялары, қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктері ХІІ және ХХІІІ шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1990, 1994, 1995 жылдардағы сайлауларына қатысты, олардың біршамасы елдің жоғарғы өкілетті органында депутаттық фракцияларын құрды. 1995 жылғы үлгідегі депутаттар корпусында Қазақстанның халық бірлігі партиясы (ҚХБП), ҚХКП, Қазақстанның халықтық-демократиялық партиясы (ҚХДП), Қазақстанның өрлеу партиясы (ҚӨП), «Лад» қозғалысы және басқалары болды. Мәжілісте 27 орны (палата депутаттары жалпы санының 40%-ы) және Сенатта 18 орны (38%) бар ҚХБП қомақты үлесті иеленді.
Көппартиялылықты дамытудың екінші кезеңі 1995 жылдың күзі мен 1999 жылдың көктемін қоса алғандағы уақыт аралығын қамтыды. 1995 жылғы Парламент сайлауынан кейін партиялық құрылыс үдерісі біршама саябырлады. Бірқатар партиялар өз әрекеттерін түбегейлі тыйды (Қазақстанның социалистік партиясы, ҚХБП, Қазақстанның демократиялық партиясы (ҚДП)), басқалары өздерінің онсыз да жоғары емес белсенділігін айтарлықтай төмендетті (ҚӨП, Еңбек республикалық саяси партиясы (ЕРСП), ҚХКП). Қазақстанның коммунистікпартиясы (ҚКП), Қазақстанның жұмысшы қозғалысы, «Поколение» секілді солшыл спектрлі партиялар мен қозғалыстар күшейе түсті, керісінше, ҚХБП, ҚДП және ҚӨП сияқты центристік партиялар мен қозғалыстардың қуаты кемігені байқалды. Оңшылцентристік саяси күштерге деген сұранысты Либералдық қозғалыс пен кейінірек құрылған Азаматтық партия ішінара толықтырды. Партиялық-саяси жүйе 1999 жылы трансформациялану сипатындағы өзгерістерді басынан өткерді. Бұл кезеңнің ерекшелігі дауыс беруде тепе-теңдік жүйесінің енгізілуі мен Мәжілістегі 77 орыннан 10 орынның бөлінуі болды. Саяси партиялар депутаттық мандат үшін күреске алғаш рет жанама түрде емес, тікелей қатысу мүмкіндігін алды. 1998 жылдың желтоқсанынан 1999 жылдың тамызына дейінгі кезеңде Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП)17, Қазақстанның республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы («Азамат» ДП), Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы («Отан» партиясы), Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, Қазақстанның «Алаш» ұлттық партиясы («Алаш» ҚҰП) құрылды. 1999 жылы 10 қазанда өткен Мәжіліс сайлауы депутаттық мандат үшін партияаралық бәсекелестіктің тұңғыш тәжірибесі болды. Бірмандатты 67 сайлау округі бойынша 595 азамат депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды, оның ішінде қоғамдық ұйымдардан – 74, саяси партиялардан – 127, өзін-өзіұсыну тәртібімен – 394. Партиялық тізімдер бойынша 84 кандидат тіркелді. Сайлауға 9 партия қатысты: ҚХКП, ҚӨП, ЕРСП, «Отан» партиясы, ҚКП, «Азамат» ДП, Қазақстанның аграрлық партиясы, ҚАП, «Алаш» ҚҰП18. Сайлау қорытындысымен партиялық тізімдер бойынша 10 депутаттық мандат төмендегідей реттілікпен бөлінді: «Отан» партиясы – 4 (30,89% дауыс), ҚКП – 2 (17,75%), ҚАП – 2 (12,63), ҚАП – 2 (11,23%). Қалған партиялар 7%-дық деңгейге қол жеткізе алмады.
Қазақстанның партиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының үшінші кезеңі 2002 жылы «Саяси партиялар туралы» жаңа Заңның қабылдануымен және 2004 жылғы Парламент сайлауымен байланысты. Заңнаманың жаңа шарттылықтары қатарында партияның құрылу тәртібіне қатысты құқықтық реттеу, олардың іс-әрекеттерін тоқтата тұру және доғару, сайлау үдерісіне қатысуы мен қаржыландырылуы сияқты партиялардың іс-қимылдарын регламенттеу талабы болды19. Заңның жаңа нормаларына сәйкес, саяси партиялар Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатарынан екі мәрте қатыспаған жағдайда сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін еді (14-бап, 5 тармақ, 6 тармақша). Мемлекеттік тіркелу кезінде өзінің қатарында саны 50 мыңнан кем емес мүшелерінің болуы қажеттілігі талабы (10-бап, 6 тармақ) қолданысқа енгізілгенде партиялардың барлығы бірдей қайыра тіркеуден табысты өте алмады. Қайыра тіркеуден өте алмағандар (немесе одан бас тартқандар) санатында оппозициялық ҚРХП, «Азамат» ДП, «Алаш» ҚҰП, сондай-ақ, «Өрлеу», «Ел Дана» (Әйелдер партиясы ретінде белгілі), «Отандастар» және басқалары. 2003 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 7 партия тіркеуден өтті: Қазақстанның аграрлық партиясы, ҚАП, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы («Ақ жол» ҚДП), ҚКП, «Ауыл» ҚСДП, Қазақстанның патриоттар партиясы (ҚПП), «Отан» партиясы. 2004 жылғы Парламент сайлауы қарсаңында елдің партиялық-саяси алаңы бес жаңа қатысушымен толықты. 2003 жылы екі партия – «Руханият» (қазан) және «Асар» республикалық партиясы («Асар» партиясы) тіркеу рәсімінен өтті. Сайлауға үш ай қалғанда Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясы (ҚДТ), Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) және Қазақстанның демократиялық партиясы (ҚДП) тіркеуден өтті. Нәтижесінде Қазақстанның партиялық жүйесінің жаңа тұрпатын құрайтын 12 саяси партия депутаттық мандат үшін өзара бәсекеге түсті. Аралас дауыс беру жүйесінде ұйымдастырылған Мәжіліс сайлауы 2004 жылғы 19 қыркүйекте және 3 қазанда (бірмандатты 67 округтің 22-сінде қайта сайлаулар) өтті. Партиялық тізімдер бойынша бұрынғыша 10 орын бөлінді. Партиялар құқықтық негізін 2004 жылы қабылданған «Сайлау туралы» Заңдағы өзгерістер қамтамасыз еткен (87 бап, 2-2 тармақ) саяси одақтар құру стратегиясын алғаш рет жүзеге асырды. Партиялық негізде сайлауалды блоктарын құру төрт партияға екі блокқа бірігу мүмкіндігін берді – Қазақстанның аграрлық партиясы мен ҚАП «АИСТ» (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) блогын құрса, ҚПК мен ҚДТ «Коммунистер мен ҚДТ-ның оппозициялық халықтық одағы» блогына бірікті. Сайлау нәтижесі бойынша Мәжілістегі орындар төмендегідей болып бөлінді: «Отан» партиясы – 7 орын, «Асар» партиясы, «Ақ жол» ҚДТ және «АИСТ» блогы – әрқайсысы бір мандаттан. Жалпы алғанда 2004 жылғы Мәжіліс сайлауы негізгі партиялық субъектілердің Қазақстанның саяси алаңында жайғасу реттілігіне айтарлықтай түзетулер енгізді. Соның нәтижесінде ел партиялық-саяси құрылыстың кезекті кезеңіне өтті.
Қазақстанның партиялық жүйесінің төртінші – қазіргі замандағы даму кезеңі 2007 жылғы 21 мамырдағы оқиғадан, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының қабылдануынан бастау алады. Конституцияға енгізілген түзетулер елдегі саяси партиялардың мәртебесін айтарлықтай өзгертті және ролін күшейте түсті