Ұлттық көшбасшы және ұлттық элита. Сонымен бірге ғылыми-философиялық еңбектерде ұлттық идеяны ұлттық ақиқат пен тарихи тағдырға айналдыратын негізгі күш ретінде ұлттық көшбасшы факторы қарастырылады. «Ұлттың шешуші құндылықтарының нақты жиынтығының бейнесі ретінде, сондай-ақ, ерекше саяси шешімдердің күшті де қуатты қайнар көзінің рөлі ретінде іс-әрекет етуге қабілетті шын мәніндегі тарихи ауқымдағы тұлға ғана мемлекетті толық құлдыраудан немесе бөлшектенуден сақтай алады. Ірі мемлекет қайраткері ғана ұлтты сақтай алуға, оның идеясын іс жүзіне асыруға күш-жігері бар». Ұлттық көшбасшы іс-әрекеттің айқындаушы жағы ретіндегі алға қойған нақты мақсаттар көмегімен ұлттық идеяны іске асыруда таптырмайтын рөл атқарады. Халық қолдайтын және саяси көшбасшы айқын сезінетін іргелі құндылықтар мәселесіндегі бірлік мемлекет тұрақтылығы мен дамуының өзгермес шарты болып табылады
Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы
Латын әліпбиін пайдалану мемлекеттіліктің іс жүзінде барлық бағыттарын қозғайтын маңызды қажеттілігі болып табылады. Қазақ жазуының қалыптасуы күрделі және көп қырлы процесс болып саналады. Тарихи және саяси оқиғалар тілдік ортаға және олардың жазбаша ойлар жолдарын қалыптастыруына үлкен әсер етті. Ғасырлар бойы графиканы өзгертудің бір маңызды себебі қазақ дыбыстық ауқымының кейбір элементтерінің айтуы ерекшелігі болғандықтан белгілі бір алфавитті таңдауды қиындатты. Араб, латын немесе славян графиктерін пайдалана жүріп және пайдалану үшін қазақ халқының ғалымдары, әйгілі тұлғалары мен қайраткерлерінің арасындағы талай уақыт бойы келіспеушілік пен пікірталас сүйемелдеуіне пайда болды. Уақыт талаптарына байланысты, сондай-ақ ағылшын тілінде бірқатар пәндерді оқыту, жас ұрпақ үшін көп тілді ортаны дамытуға байланысты латын алфавитін таңдау туралы жалпы шешім қабылданды. Бұл мақалада осы процестің негізгі мәселелері қарастырылады.
Латын әліпбиіне көшу жайлы алғашқы пікірді академик Әбдуәли Қайдар қозғады. Тілші ғалымның 1993 жылдың 24 қазанындағы «Ана тілі» газетінде жарияланған «Латын әліпбиінің болашағы зор» атты мақаласынан бастау алды. Ғалым XX ғасыр басындағы латын (қазақ) жазуының жедел түрде орыс графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: «Түркия елінің ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу «Жаңа түсінік» газетіне (09.08.1991) былай деп жазады: «Совет үкіметі 1927 жылы КСРО-дағы бүкіл түркі халықтары қолданып келген араб жазуын латын алфавитімен ауыстырды. Бірақ Түркияда да 1928 ж. латын алфавиті түрік жазуы болып қабылданғандықтан совет басшылары Анатолия түріктері мен Совет Одағындағы түркітілдес халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп, 1939-1940 жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды».
Сол себепті ғалым ендігі кезекте әліпби ауыстыру саясатын қолға алып, «ұлтаралық, халықаралық, жалпы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары», әрі «тілдік фактілерді» дәл таңбалаудың үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы болу керектігін пайымдайды. Әліпби ауыстыру туралы көзқарастар Академик Әбдуәли Қайдардың және Елбасы бастамасы негізінде ғалымдар мен тілші қауым тарапынан қызу пікір-таластың, идеялардың түрткісі болды. Бұл тақырыпта мерзімді баспасөз беттерінде көптеген мақалалар жарық көрді. Мамандықтары мен жас ерекшеліктері, қызметі әртүрлі мақала авторларының көзқарастары мен ой-пікірлері де алуан түрлі. Қоғам назарын жақындастырған көзқарастар қатарындағы негізгі дәйектемелер: халықаралық аренаға шығу, ғылым мен техника тілін меңгеру, жаңа ғасыр технологияларымен жақындасу, (компьютер, телефон, интернет) өркениеттер тоғысына әдебиет, өнер, мәдениетті жақындастыру, жастардың шет тілін меңгеруге қолайлылығын тудыру ойлары болды. Латын графикасы 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан қолдау тапты. Сол бір жылдары бұл мәселе шешуін тапқандай жаршы жаңалықтарға ұласып, кейіннен сүрлеуін тауа алмай үнсіз кетті. Елбасы ҚХА сессиясында: «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы советтік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал, біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», – деген болатын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған латынға көшу идеясын біз өзімізде оқырман тарапынан қолдауды негізге ала отырып, мынандай ұсыныстар қоса кеткенді жөн көрдік: Қазіргі кезде Түркияда жүрген қазақтарымыз латынша, шетелдегі қырықтан астам мемлекетте тұратын қазақтарымыз латынша, Қытайдағы қазақтарымыз төте (араб) жазуында, Моңғолиядағы қазақтар кириллица, бізде кириллица. «Латынша көшсек» дегендегі мақсаттың бірі де осылардың бәрінің басын қосу, бір текті ету болатын. Осы орайда түркі руханиятын жақындастыру үшін латын графикасына көшер болсақ, төмендегі жағдайлардың біразына қол ұшын созған болар едік. Біріншіден, ортақ әдебиет пен өнерді жақындастыру. Мәселен Қытайдағы қазақтар біздің кириллицамен жазылған шығармаларды төте жазуға айналдырып, біздер ондағы мұраларды кириллицаға аударып, том-том кітаптарды шығару үстіндеміз. Мұның барлығы айналып келгенде қаншама, бәленбай қаржыны ысырап етеді. Осылардың барлығы бір жүйеге түссе жаман ба? Түркі әдебиетін, мәдениетін, өнерін барынша зерттеумен зерделеуге жол ашылады. Екіншіден, Байкалдан Балқарға дейінгі аралықты алып жатқан түркі әлемінің тарихын, мәдениетін, руханиятын жақындыра түсу үшін, ғалымдарымыздың түркі дүниесіне ортақ мәселелерді бірлесе зерттеуі үшін латын графикасы маңызды рөл атқарады (Бұл мәселе аясында Халықаралық Түрік академиясының жұмысы маңызды екенін көрсетіп отыр). Үшіншіден, болашақта ғылым мен техника, компьютер мен роботтар, тіпті әлеуметтік желі тілдері ортақ жүйелі тілге енуі мүмкін. Осы тұрғыда өзімізді латын графикасына үйретер болсақ, ол қиындықтардың алдын алып, тосқауыл қоя аламыз. Мәселен сол ғылым тілінің қазақша баламаларын бірізділікке түсіріп, жалпы аудармалық атауын береміз. Төртіншіден, графизация (әріп таңбалау) заңдылықтарының сай келуін бірізділікке түсіреміз. Яғни әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазу талаптары. Бесіншіден, жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны ақиқат. Барлық медициналық атаулар, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер – барлығы да латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы тұрғыдан түркі әлемінің байланысын, барлық саладағы ортақ мүмкіндіктерін байланыстыру бағытында латын графикасы қиындық туғызбайды деп білеміз. Қиындықтар болмайды емес – болады. Бірақ әлем елдерімен терезесі тең, рухани күші біріккен, түркі әлемін өркендету үшін енжарлыққа салынып, қол қусырып отыруға болмайды. Ұлттық тілі жоғары деңгейдегі жапон елі де ғылыми жұмыстар және байланыс құралдарын пайдалануға ыңғайлы болуы үшін латын жазуын екінші тіл деңгейіне көтерді. Ендеше Елбасы қолдаған латын графикасының жобасын бәрімізде еншімізге жаза отырып, «мегажоба» ретінде ұлттық деңгейге көтеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |