Тақырып Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері


Жаңғыру кезеңдері және Қазақстан Республикасы экономикалық реформаларының



бет8/20
Дата18.11.2022
өлшемі137,5 Kb.
#51128
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Тарих орындалған тапсырма

Жаңғыру кезеңдері және Қазақстан Республикасы экономикалық реформаларының
қыр-сыры
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды

Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате – ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бұған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды. Бірақ олар өз елінде маман болғанмен, біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де. Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тән классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды. Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993-1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан ешнәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айтуға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады. 1992 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы – 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы – 45%-ке жетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет