Қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
Тақырып 12. Ұлы дала халқының дүниетанымы мен жаңа тарихи сананы қалыптастыру саясаты
«Көне түркі жазбаларын зерттеу» эссе
Бағзы замандарда түркілер өз әліпбиін ойлап тапты. Ондағы әріптер қар бетіндегі құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай жазу «сына жазуы» (немесе ешкім сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, руна сөзі гот тілінен аударғанда «кұпия», «сыр» деген мағына береді) деп аталады. Ертеде кағаз болмағандықтан, біздің бабаларымыз өздерінің «сына жазуларын» күміс ыдысқа, ағаш тақталарға, беті тегіс үлкен тас кесектеріне жазған. Әсіресе, осы тас тақталардағы жазбалар бәрінен де жақсы сақталған. Олар Орхон және Енисей өзендердін маңынан табылды. Сондықтан ғалымдар оларды көне түркі жазуының Орхон-Енисей ескерткіштері деп атайды.
Бірінші мыңжылдықтың орта тұсында осы өзендердің аңғар-атыраптарында ежелгі мемлекеттер - Түрік қағанаттары өмір сүрген, оларды көсемдер - кағандар билеп тұрған. VI- IX ғасырларда Түрік кағанаттары өмір сүрген кезеңде таңбаланған сына жазулы жазбалар - көне түркі әдебиетінің әлемге белгілі ең байырғы мәнді шығармалары.
Таска қашалған дастандар түркілердің аса ірі әскербасылары мен билеушілері - Күлтегін мен Білге қағанның өмірі мен күресі жайында, данагөй Тоныкөк жайында баян етеді.
Барлығы бізге белгілі үш жазба бар. Дұрысында, «Кіші жазуды» Білге қағаннын өзі айтып жаздырған сыңайлы, ал оны тасқа қашаған - ғұлама бәдізші Иоллығ тегін. «Үлкен жазуды» да Білге кағанның өзі айтып таңбалатып, інісі Күлтегін батырға арнаған. Үшінші жазба - Тоныкөк дананың өзі шығарған жыры.
Орхон-Енисей жазбалары XVIII ғасырда табылып, оны зерттеу, оку сол кездерде басталды. Көне түркілердің руна жазуын (қазақ таңбаларына өте ұксас) ең алғаш рет 1893 жылы дат ғалымы Вильгельм Томсен оқыды.
Достарыңызбен бөлісу: |