Қазіргі заманғы экономикалық кеңістік сипаттамаларының бірі бәсекелестік күрестің шиеленісуге қарай оның кеңеюін көрсететін үдерістердің қалыптасуы және экономикалық қатынастар субъектілерінің қызмет етуі барысында пайда болатын өзара байланыстардың сапалы түрде кеңеюі болып табылады. Бұл ретте қалыптасқан нарықтық бәсекелестікте оның бағалық түрлерінен өнімнің сапасын арттыру және оны өндіру мен таратудың алдыңғы қатарлы технологияларын иелену есебінен бақталастықты сипаттайтын оның бағалық емес түрлеріне көшу байқалады. Бұл жағдайларда кәсіпкерлік жеткілікті қаржылық және ұйымдастырушылық-басқару икемділігін қалай меңгеру, тәуекелдің негізгі түрлеріне төзімді болу және тепе-тең келетін шығыстар кезінде аталған үдерісті ұйымға енгізуде салыстырмалы түрде қарапайым болу керек секілді белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс. Қазіргі заманғы шаруашылық жүргізу механизміне тән болатын барлық аталған қасиеттер мен ерекшеліктер бизнесті жүргізудің франчайзингтік моделіне тән.
Дамыған елдерде франчайзингті қолданудың көп жылғы тәжірибесі оның ерекше тәуелсіздігін сенімді түрде дәлелдеді. Франчайзинг – бұл табысқа жеткен және жоғары бәсекелестік экономикада кеңею стратегиясын жүзеге асыратын фирмалар үшін бизнесті дамытудың тиімді әдістерінің бірі. Сонымен бірге шетелдік кәсіпкерлік ортада оның кеңінен таралуы франчайзингтің бизнесін жаңа бастаған кәсіпкер үшін өзінің сенімді ісін ұйымдастырудың барынша тиімді мүмкіндігі және қоғамның түрлі тауарлар мен қызметтерге деген қажеттігін қамтамасыз ету құралы болуымен байланысты. Соңғы 50 жылда франчайзинг кеңінен танымал болғаны соншалықты АҚШ-та бөлшек тауар айналымындағы оның көлемі 40%-дан асады, ал Еуропа елдерінде - 60%-ға дейін жеткен.
Франчайзинг кеңінен белгілі және барлық әлемдік қоғамдастықта іс жүзінде қабылданған түсініктердің бірі. «Франчайзинг» сөзінің шығу мағынасы осы уақытқа дейін дау туғызуда. «Franchising» деген сөздің өзі француз тілінен «franchise» деген сөзден шыққан, ол «жеңілдік, артықшылық, салықтан босату, салым» деген мағынан білдіреді. Нәтижесінде бұл сөз ағылшын тілді мемлекеттерде де бекітілді. Тілдердің фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты "franchise" сөзінен туынды сөздер әртүрлі айтылады, бұл терминнің мәні үшін қатып қалған дүние емес, алайда франчайзинг қарым-қатынастардың салыстырмалы түрде жаңа жүйесі болып табылатын мемлекеттердегі кәсіпкерлік орта өкілдері үшін оның маңызы жоғары. Кейінірек кәсіпкерліктің осы түрімен байланысты ұғымдарды белгілеу үшін туынды сөздер қалыптасты: франшиза, франчайзер, франчайзи. Ғылыми экономикалық әдебиетте франчайзинг сипаттамасының мәніне және жалпы оның категориялық аппараттағы мазмұнына, оның пайда болу уақыты мен орнына, сондай-ақ отандық жағдайларда франчайзингтік қатынастарды құқықтық реттеуге қатысты қарама-қайшы пікірлер кездеседі.
Британдық ғалымдар Дж. Стенворд пен Б. Смит және А. Ермолинский, О.Новосельцев, С.Поворин, А.Цират секілді ресейлік экономистер франчайзингтің шығу бастамасын «байланысты үйлер» британдық жүйесінен көреді және франчайзинг орта ғасырлық Англияда пайда болған деп есептейді. Сонымен бірге, франчайзингтің отаны АҚШ болып табылады деген пікір де бар, онда ХІХ ғасырдың екінші жартысында «Зингер» компаниясы белгілі бір аумақта жұмыс істеу және сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін тігін машиналарын бөлшек саудада сататын сатушылардан ақы ала бастаған. Бұл тәсілді «Дженерал Моторс» компаниясы да қолданған, ол автомобильдерді сату үшін сатып алушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсететін делдал фирмаларды жұмысқа тартып, осылайша өндіруші компанияның беделін сақтап келген.
Франчайзингте, әдетте, шарттың тараптары франчайзер (франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иеленуші) және франчайзи (франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшизаны ұстаушы, құқық алушы) болады. Франчайзер ретінде, әдетте (бірақ міндетті емес), кеңінен танымал тауар белгісі немесе бренді бар және тұтынушылар нарығында жоғары беделге ие ірі фирма (корпорация) жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына коммерциялық қызметте өзінің сауда белгісін пайдалануға белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен лицензияны, айрықша құқықтар кешенін (франчизаны) береді. Әдетте, франчайзердің аталған өнімді шығару өндірісінде көп жылғы тәжірибесі, сондай-ақ аталған жобаны табысты іске асыру туралы білімі болады. Франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен оның сауда белгісін және технологияларын пайдалану арқылы, коммерциялық қызметті жүргізуге айрықша құқықты алатын тұлға, компания немесе серіктестік болып табылады.
Жалпы алғанда франчайзингтік жүйе бизнес саласындағы ұйымдық құрылым болып табылады, ол құрылымды басқаратын франчайзер-компаниядан және оның бақылауында болатын франшизалық кәсіпорындар желісінен тұрады. Түрлі әдебиеттерде «франчайзинг» термині әр түрлі түсіндіріледі. аталған терминнің шетелдік тәжірибедегі классикалық анықтамалары 1-кестеде берілген.
Кесте 1 - Шетелдік тәжірибедегі «франчайзинг» түсінігі
Авторы және ақпарат алынған көз
Анықтамасы
Халықаралық франчайзинг қауымдастығы (International Franchise Association)
«Франшиза франчайзер мен франчайзидің арасындағы үздіксіз өзара қарым-қатынасты білдіреді, онда мүдделерін қарама-қарсы қанағаттандырғаны үшін барлық білім, бизнесті жүргізу қалпы, табыс, өндірістік және маркетингтік әдістер франчайзиге беріледі».
Еуропалық франчайзинг федерациясы (EFF)
(Үзінділер бойынша)
«Франчайзинг — бұл нәтижесінде франчайзердің тұжырымдамасына сәйкес бизнесті жүзеге асыру құқығы берілетін... және міндеттері жүктелетін тәуелсіз кәсіпорындардың... арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негізделген нарықта тауарлар... қызметтер... технологияларды алға жылжыту жүйесі».
Стэнворт Д., Смит Б.
«Франчайзинг — тарату жүйесі, ол белгілі бір этикалық нормаларды сақтаған жағдайда сауда маркасының байланыстарын пайдалануға құқық берген фирмаға (франчайзерге), сонымен бірге басқа фирманың маркасын пайдалану құқығын алған фирмаға да (франчайзиге), сондай-ақ фирма ұсынатын өнімді немесе қызметті түпкілікті тұтынушыға да айтарлықтай пайда әкеледі».
Котлер Ф., Армстронг Г., Вонг В., Сондерс Дж.
«Франчайзингтік ұйым – қатысушыларын өндірістік-тарату жүйесіндегі бірнеше буындар біркітіретін шарттық тік бағыттағы маркетингік жүйе».
M. Sinkota
(үзінділері бойынша)
«Франчайзинг - бұл тауар белгісімен қорғалған өнімді немесе қызметті өндіруші немесе дара таратушы тәуелсіз кәсіпкерлерден (бөлшектеп сатушылардан) төлемдерді (роялти) қабылдағаны үшін орнына өндірістік және қызмет көрсету операцияларының технологияларын сақтау шартымен аталған аумақта өзінің өнімдерін немесе қызметтерін таратуға айрықша құқықтар беретін келісім».
Кестеде берілген анықтамалар франчайзингтің мән-мағынасын көрсетеді. Шетелдің экономикалық әдебиеттерін талдау франчайзингті түсіндірудегі екі ұқсас бағытты бөліп алуға мүмкіндік берді. Біріншіден, американдық бағыт, ол франчайзингті франчайзердің брендін пайдалануды көздейтін франчайзингтік қатынас субъектілерінің арасындағы кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрі ретінде анықтайды. Екіншіден, еуропалық бағыт, бұған сәйкес франчайзинг деп бірыңғай тауар маркасын пайдаланудан басқа, коммерциялық және технологиялық әдістер («ноу-хау») туралы ақпаратты берумен және франчайзер тарапынан франчайзиге ұзақ мерзімді техникалық және консультациялық көмек көрсетумен қатар жүретін экономикалық қатынастар, сондай-ақ бизнесті жүргізудің белгілі бір стандарттарына сәйкес стандартталған өнімдер немесе қызметтер өндірісін түсіндіреді. Американдық терминология еуропалық коммерциялық тәжірибеде пайдаланылатын анықтамалардың негізгі элементтерін қамтиды, сондай-ақ франчайзинг түсінігіне келісімшарт, жүйе, сауда беделі (сауда маркасы, фирмалық қызмет және т.б.), құқықтарды беру, төлемдер секілді анықтамалар кіреді. Шетелдің экономикалық әдебиеттерінде франчайзинг анықтамасының шектелуі тар мағынада түсіндіруден тұрады, себебі франчайзинг қызмет көрсету операцияларының және роялти төлемдерінің технологияларын сақтауға келіп тіреледі. «Франчайзинг» түсінігінің негізгі белгілері франчайзер мен франчайзидің болуы, бизнесті жүргізу тұжырымдамасын беру, бренд, сапаны бақылау, төлемдер болып табылады.
Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті дамытудың ұйымдық-экономикалық механизмі ретінде франчайзинг анықтамасын әзірлеу мәселесі оның көп қырлылығымен және оның көмегімен шешілетін міндеттердің алуан түрлілігімен күрделене түседі. Сондықтан түрлі экономистер франчайзингті: