Франчайзи
(пайдаланушы)
Құқықтарды беру
Қызметтерді көрсету
Сурет 1 – Франчайзингтік өзара қарым-қатынастардың моделі
1-суретке сәйкес франчайзинг жүйесінің қызмет етуі сатып алушылардың (тұтынушылардың) қажеттілігін қанағаттандыру үдерісінен басталады және қызметтер көрсету сатысына өтеді. Бизнес-операцияларды іске асыру барысында мақсатты нарықтардың қалаулары мен қызығушылықтарын, сондай-ақ қызметтер көрсету саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, франчайзинг негізіндегі кәсіпкерлердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың барлық элементтерін қозғайтын салдар туындайды.
Қызметтер көрсету жүйесіндегі өзара іс-қимылды зерттеудің құндылығы ұсынылған модель қатысушыларға осы өзгерістерді белгілейтін себептерді анықтауға мүмкіндік беретінінде. Үдерістердің нашарлау немесе өзгеру себептерін сәйкестендіру франчайзингтік жүйе тараптарының арасында операциялардың орындалуына жауапкершілікті қайта қарау немесе қайта бөлудің бастапқы сатысы болады. Алайда, функционалдық өзгерістер мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде франчайзи мен франчайзердің арасында даулы жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін, оларды кеңейту тараптардың әрқайсысының мүдделерін қанағаттандыру тиіс.
Біздің ойымызша, франчайзингтік өзара қарым-қатынастардың аталған моделі коммерциялық қызмет үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді және дер кезіндегі операциялық талдау осы бизнес-формат элементтерінің қызмет ету схемасының сапасын арттырады. Дер кезінде қабылданған және пара-пар басқарушылық шешімдер кәсіпкерлердің өздерінің идеяларын іске асыру аумағын кеңейтеді және бизнесті жүргізудің ең үздік табыстарына қол жеткізуге көмектеседі. Франчайзингтік жүйе қатысушыларының мақсаттары мен міндеттерін жан-жақты түсінуді франчайзингтік келісімді жасау барысында екі тарап үшін тиісінше түрде өзара тиімді талаптар белгілеу үшін қажет.
Осылайша, франчайзингтік қатынастардың дамуына, франчайзингтің негізінде бизнесті ұйымдастыру технологияларының жетілуіне және оның жаңа түрлерінің пайда болуына қарай осы түсініктің мазмұны өзгереді немесе жаңалықтар енгізіледі. Мысалы, қазіргі уақытта кейбір анықтамаларда нарық субъектілерінің ықпалдасу үрдісі көрініс табады және франчайзинг институционалдық экономика тұрғысынан қарастырылады.
Мысалы, «франчайзинг» терминінің үнемі кеңейіп отыратын түсіндіру аралығы бар. Бұл түсінікті анықтаудың алуан түрлілігі, біздің ойымызша, біріншіден, мамандардың қызмет түрлеріне байланысты оны түрліше қабылдауымен байланысты. Мысалы, франчайзингтің мәселелеріне заңгердің, экономистің, маркетологтың, қаржыгердің, жоспарлау жөніндегі менеджердің көзқарасы әр түрлі болады. Екіншіден, франчайзингті зерттеудің әрбір бағытының, ғылымда қабылданғандай, ауқымды және тар мағынадағы түсініктемесі бар. Үшіншіден, шаруашылық жүргізудің жаңа философиясын қалыптастыра отырып, франчайзингтік модельді құру мен дамыту қоғам дамуының объективтік жағдайларына байланысты теориялық зерттеулердің бағытына ықпал ететіні сөзсіз.
Мұның барлығы франчайзинг тәжірибеден көш ілгері жүретін және қазіргі заманғы экономикалық жағдайларда өзекті болып табылатын бизнестің дамушы категориясы болып табылатындығын дәлелдейді. Франчайзингтің жаңа анықтамаларының пайда болуы оның қызмет етуінің ерекшеліктерімен және күрделілігімен байланысты. «Франчайзинг» - бір мағыналы түсінік емес, сондықтан «франчайзинг - ... әдісі», «франчайзинг - ... моделі», «франчайзинг - ... келісім» секілді бір мағынадағы анықтамалар оның ауқымын негізсіз тарылтады. Жалпы экономиканың жаһандануы және тарату мен айналым саласының дамуы әсіресе, экономикалық жүйеге жасанды түрде енгізілген бөтен құрылымдарға ерекше сезімтал екенін атап өткен жөн. Франчайзинг қазіргі заманғы нарықтық экономикаға ойдағыдай үйлесіп, кәсіпкерлікті дамытудың ерекше факторына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |