Тақырып Қазіргі заманғы жағдайдағы франчайзингтің экономикалық мәні


Төртіншіден, франчайзинг – бұл бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін желілік өзара іс-қимыл жүйесі



бет8/9
Дата19.04.2023
өлшемі144,81 Kb.
#84423
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 1

Төртіншіден, франчайзинг – бұл бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін желілік өзара іс-қимыл жүйесі. Желілер франчайзингтің туындауымен және әріптестер арасындағы қатынастардың осы бір түрін институционалдық жағынан бекітумен пайда болады. Желі бұл заңды мағынада тәуелсіз, бірақ өзара байланысты коммерциялық ұйымдардың арасындағы ұзақ мерзімді және мақсатты келісімдердің жиынтығы, бұл жиынтық оларға бәсекелестік артықшылықты алуға немесе оны сақтауға мүмкіндік береді.
Біздің ойымызша, франчайзинг желілік ұйымдастырудың үлгісі болып табылады, себебі біркелкі, бірақ бірдей сауда маркасы бар, бизнесті жүргізудің бірдей ережелерін сақтайтын, келісімшарттарды институционалды түрде бекітілген және тауарларды сату мен қызметтерді көрсетудің бірыңғай стилін, әдістерін, нысандарын сақтауды көздейтін заң жүзінде дербес кәсіпорындардың жиынтығын біріктіреді.
Дәстүрлі корпорациялық ұйымдастыру моделінің дағдарысқа ұшырауы айқын болған кезде бизнестің желілік нысандарына деген қызығушылық арта түсті. Дәстүрлі корпорациялардың жаһандану жағдайында тиімділігі төмендеп, болып жатқан өзгерістерге икемді болып, жылдам әрекет ету қажет болатын дамудың инновациялық моделіне өту басталады. Иерархиялық құрылымдардың орнын басқа ұйымдастыру бірлігі — «...желілердің өздерін ұстап отыратын орталарға және нарықтық құрылымдарға бейімделуіне қарай үздіксіз түрленіп отыратын алуан түрлі көптеген субъектілер мен ұйымдардан құралған желі» басады. Бұл анықтама желілердің негізгі белгілерін, атап айтқанда: оның қатысушыларының тәуелсіздігін, өзара байланысты мүдделердің болуын, және ең бастысы фирмааралық желілердің болуының негізгі мәні – бәсекелестік артықшылықты жасау мүмкіндігін көрсетеді.
Әдебиеттерде пысықталған түсініктерге сәйкес желілерге келесі негізгі белгілер тән: синергетикалық әсер, сенімнің ерекше қатынастары және беделдің рөлі, икемділік және инновациялық үдерістерге ықпал етуі. Бұл белгілердің тізімі осымен шектелмейді, бірақ осында бөліп көрсетілген сипаттамалар желілердің білім мен инновацияларға негізделген, қазіргі заманғы экономикадағы оның жоғарғы рөлін түсінуге ықпал етеді. Қазіргі заманғы «фирма — ашық жүйе және ақпараттар ағымы өзара ақпарат беру ауқымымен шектелмейді. Жаһандық экономика жағдайында ақпараттың басым бөлігі сыртқы ортадан келеді, бұл бірлескен өндірістің синергетикалық әсерін бірнеше есе арттырады, эволюциялық үдерістерді айтарлықтай жылдамдатады».
Желі әрбір қатысушыға егер олар үшін масштабтың әсері болған немесе олар бір ресми тіркелген құрылымға біріктілген, бірақ өздерінің икемділігін сақтаған жағдайдағы секілді өзінің пайдасын алуға мүмкіндік береді. Желілерде тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ортақ мақсатқа қол жеткізуде синергетикалық әсерден басқа сенім феномені ерекше рөл атқарады. Бедел мен сауда маркасына деген сенім фирмалардың арасындағы ұзақ уақытқа созылатын келісімшарттық қатынастарды сақтау үшін қажет. Материалдық емес активтер мен құзыреттер құнның негізгі көзі болып табылатын франчайзингтік желілерде бедел, міндеттемелер және сенім секілді түсініктер олардың ажырамас бөлігі болып табылады.
Франшиза желісі гүлденіп дамуы үшін келісімнің екі тарапының арасында үйлесімді, сенімге негізделген өзара қарым-қатынастары болуы тиіс. Құрылымды желілік ұйымдастыру арқылы экономиканың бірқатар субъектілерінің - кейбір бизнес-идеялардың айналасындағы әріптестердің бірегей тәжірибесінің, өндірістік мүмкіндіктері мен озық технологияларының интеграциясы жүреді, оны іске асыру олардың әрқайсысына өздері жеке қызмет еткен көзде қол жеткізе алмайтын, өздерінің белгіленген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Белгілі бір франчайзингтік желінің өсу қарқыны франчайзердің артықшылықтарына да байланысты. Кейбір артықшылықтарды ірі компаниялардың жолға қойылған тәжірибесін шағын кәсіпкерлік кеңістігінде пайдалана отырып, жекелеген франчайзерлер толығымен қайталайды. Сондықтан франчайзингтік модельді пайдаланатын кәсіпорындар сыртқы бизнес-ортада болып жатқан барлық өзгерістерге уақтылы шаралар қабылдайды, белгілі бір технологиялық және қаржылық-басқару схемаларын құра отырып, оларды өзінің ішкі ортасында пайдалану үшін оңтайлы түрде бейімдейді.
Желілік ұйым жұмысының негізгі қағидалары мыналар болып табылады: желі мүшелерінің заңды дербестігі мен өзара байланысы, желі мүшелерінің артушы экономикалық жауапкершілігі, көшбасшы (франчайзер) билігінің сарапшылық сипаты, желідегі көшбасшылықтың тұрақты сипаты, біріктіруші мақсат, байланыстардың шектеулі еріктілігі, өзара іс-қимыл жасау деңгейлерін реттеудің шектелуі.
Франчайзингтік желінің айрықша белгілері мыналар болып табылады:
- оған тәжірибеде тексерілген жаңа кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру технологияларын тарату;
- онда сатып алушылардың осындай түрдегі желілердегі өздеріне ұсынылатын тауарлардың жоғары тұтынушылық құны туралы кеңінен хабардар болуымен байланысты беделдік әсердің пайда болуы.
Франчайзингтік желілерде, осылайша, оларды орындау қатысушыларына табысты бизнеске кепілдік беретін қатаң корпоративтік стандарттарға негізделетін гомогендік кәсіпкерлік қызмет орын алады. Франчайзингтік желілер жаһандану жағдайында брендтердің мәдени түрде бейімделуін қамтамасыз етеді, себебі олар жергілікті дәстүрлер мен тұтынушылардың талаптарын ескере отырып, символдар мен фирмалық стильді икемді түрде таратуға мүмкіндік береді. Жергілікті мәдениетті таратушылар болып табылатын және өнімнің жергілікті жағдайларға жылдам бейімделуіне мүдделі жергілік фирмалар мен шағын кәсіпкерлердің суб-франчайзи мен франчайзи ретінде болуы бұған ықпал етеді. Шетелдердің статитикасы өздерінің кәсіпкерлік қызметін өз бетімен бастаған кәсіпорындардың 70%-дан астамы бес жылдан кейін экономикалық дербестігінен айырылатындығын көрсетеді. Франчайзинг негізінде жұмыс жасайтын кәсіпорындар бұларға толық қарама-қарсылықта, себебі олардың банкрот болу мөлшері 10% кедергіден сәл ғана асады (2-сурет).

100%
90%
80%
70%
60%
50%
40%
30%
20%
10%
0%
1 жылдан кейін 5 жылдан кейін 10 жылдан кейін
1 жылдан кейн 5 жылдан кейн

97% 92% 90%

62%


23% 185

Франчайзингтің
көмегімен жұмыс
істейтін, нарықта қалған
фирмалардың пайызы


Франчайзингсіз жұмыс
істейтін, нарықта қалған
фирмалардың пайызы


2-сурет – Франчайзинг бойынша жұмыс істейтін, нарықта қалған фирмалар

2-суретке сәйкес 10 жылдан кейін франчайзинг негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың 90%-ы жұмыс істеуін жалғастырады, ал банкрот болған кәсіпорындардың саны 10% құрайды.




Франчайзингтің мәні экономикалық үдерістер деңгейлерінің өзара байланыстылығына негізделген экономикалық жүйе үшін оның маңыздылығын айқындаудан көрінеді. Бұл франшизалық кәсіпорындардың өздері әдетте, микроэкономикалық кеңістіктің субъектілері болып табылу фактісімен байланысты, ал франчайзер болса кем дегенде мезо (көбіне макро) деңгейде қызмет етеді. Бұдан шаруашылық жүргізу механизмдерін келісу, қаржылық және басқарушылық икемділікті арттыру, демек экономикада қызмет ететін барлық институттардың шегінде экономика субъектілерінің экономикалық қарым-қатынастарын тұрақтандыруды ескере отырып, экономикалық байланыстарды ретке келтірудегі франчайзингтің мәні туындайды.
Бұл ретте келесі заңдылықты бөліп алу маңызды: дамыған және ретке келтірілген экономикалық қарым-қатынастары бар елдерде франчайзингтің пайда болуы – тұрақтылықтың нәтижесі, экономикалық қарым-қатынастары дамымаған және тұрақсыз елдерде – франчайзинг экономиканы ретке келтірудің және дамытудың факторы ретінде қызмет етеді. Франчайзинг кәсіпкерлер ортасының мәдениетін арттыруға, елдің экономикасына шетелдік капиталды тартуға, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және бизнестің дүниежүзілік жаһандануы жағдайында шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беруге ықпал етеді.
Осылайша, франчайзинг бұл - желілік өзара қарым-қатынастардың шарттық жүйесіне негізделген ірі және шағын бизнестің өзара іс-қимыл жасауының тиімді нысаны, мұнда бір тарап (франчайзер) бизнесті жүргізудің табысты жүйесін және танымал брендті иелене отырып, өтеулі негізде (франчайзингтік төлемдерді төлеуге негізделген) өзінің сауда маркасын, бизесті жүргізу форматы мен коммерциялық және өзге де технологияларын пайдалану құқығын (белгілі бір мерзім ішінде, белгіленген аумақта және келісілген төлем үшін) басқа заңды түрде тәуелсіз тарапқа береді және бизнестің барлық аспектілері бойынша оқытуды, қолдау көрсету мен бақылауды қамтамасыз етеді, бұл екі тараптың да қызмет тиімділігінің артуына алып келеді.
Бұл анықтама қазақстандық шынайылық жағдайында франчайзингтің мәнін барынша кеңінен ашады, нағыз франчайзингтік компанияны басты мақсаты бизнесті дамыту емес, франчайзидің есебінен жылдам қаржылай қаражатты алу болып табылатын жалған франчайзингтік компаниялардан ажыратуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет