Тақырып: Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын ойын технологиясы арқылы қалыптастыру


Ұлттық құндылық бағдарын ойын технологиясы арқылы қалыптастыруға қатысты жүргізілетін әдістемелік жұмыстар



бет3/5
Дата08.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#80439
1   2   3   4   5
Байланысты:
жоба0

2.Ұлттық құндылық бағдарын ойын технологиясы арқылы қалыптастыруға қатысты жүргізілетін әдістемелік жұмыстар

Ұлттық білім деп білім мазмұнындағы ұлттық дүниетанымды, ал ұлттық дүниетаным - ұлттық болмыс көрінісінің жүйесі. Оқушыларға қазақ еліндегі тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет - ғұрып пен салт - дәстүрді оқыта отырып, бойларына сіңіріп, ой - өрісінің жан - жақты болуына үлес қосуымыз керек. Сондықтан шығармашылық ізденіс үстінде жүріп, мынадай жоспар жасадық
1. Ұлттық білім беру жүйесінің бағыттарын үйрену.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ұсынған педагогтардың ой - пікірлерін оқу, танысу.
3. Ұлттық тәрбиені сабақпен байланыстыру.
4. Ұлттық тәрбие беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру.
Осы мақсатқа жету үшін мұғалім 45минуттық сабағында оқушыларға ұлттық тәрбиені тақырыпқа сәйкес тиімді пайдалана алу керек.
Бала қиялы ғажап! Баланы қызықтыра білсең қызыға біледі. Барлығы дерлік өлең шығара алмас, әңгіме жазуға құмартпас. Бірақ әр бала әр нәрсеге қызығады, әр нәрсеге икемді болады. Сондықтан оның қай іске бейім екенін танып алып та жекелеме жұмыстар беру арқылы дамытуға болады. Мысалы, біреу сурет салғанды жаны сүйеді, оған осы сурет салу туралы әңгіме, не өлең жазуға тапсырма беруге болады. Сосын осы сала бойынша жұмбақ, мақал - мәтел жинақта деп тапсырма берсе тіптен жақсы. . Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру үшін, ең алдымен, мектептің оқу - техникалық базасын нығайту керек және онда ойдағыдай білім алу үшін дұрыс жағдайлар жасалуы шарт. Қазақтың өзіндік ұлттық болмысына тән бағдарламалар жасау қажеттілігі әлдеқашан туған.
Мектепте оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп,шығармашылық қабілеттерін ұлттық тәрбие беру арқылы дамыту болып табылады. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері, пәнге деген қызығушылықтары артады. Жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндейтін болсам, қызығушылық пен белсенділік үнемі артып отыру арқылы қабілеттің көптеген қырларын қалыптастыруға болатындығы айқын көрінеді. Мысалы ашық сабақтарда ұлттық ойын түрлерін көрсету арқылы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет