Тақырып: Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын ойын технологиясы арқылы қалыптастыру


Зерттеу базасы: №175 «Жаңа Ғасыр» мектеп гимназиясы, 1 «М» сыныбында өткізілді



бет4/5
Дата08.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#80439
1   2   3   4   5
Байланысты:
жоба0

Зерттеу базасы: №175 «Жаңа Ғасыр» мектеп гимназиясы, 1 «М» сыныбында өткізілді.

Наурыз айында өткізілетін мектепішілік ашық тәрбие сағаттары сайысында –




, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік шаралар арқылы да қалыптастыру жолдары бар-



Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.




Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру


жұмыстарына балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың қабылдау
мүмкіндіктеріне сәйкес лайықтыларын ғана пайдаланып, оларды тиімді
қолдана білген жөн.


Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс.

Ойын түрінде құрылған сабақ оқу процесінің басымдықтарын – жеке тұлғаның жан-жақты дамыту мен қалыптастыруға қарай өзгертеді. Бұл жағдайда білім мен біліктерді бүкіл сабақ бойы пайдалану талап етіледі.

Ойын арқылы оқыту процесінде қарым – қатынас стилі мен сипаты ,сондай-ақ педагог қызметі өзгереді ол сабақта ұйымдастырушы ,үйлестіруші және кеңесші ретін атқарады.Ойында бірде-бір оқушы елеусіз қалмайды,әрқайсысынан жаңа шығармашылық талап етіледі


Мен ойынның көмегімен оқушылардың жеке басының шығармашылық әлеуетін анықтауға ,дамытуға және күшейте түсуге тырысамын,өйткені ойын дамытуға ,өмірлік тәжірибесін байытуға жәрдемдеседі ,шынайы өмірдегі әрекеті табысты болуы үшін негізін даярлайды.ойын үстінде адам өмірімен әрекеті ,оқушылардың зияткерлік ,адамгершілік және эмоциялық даму нормасы қайталанады.Ойын сабақтың кез келген кезеңі үшін жарамды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет