Зерттеудің мақсаты: Ұлттық білім мен тәрбие беру негізінде бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтарға бағыттау мақсатында ойын технологиясын пайдалану.
Зерттеудің міндеттері: -1.оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; - жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
2. - ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу
3. - жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Зерттеу обьектісі:Бастауыш сынып оқушылары
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын ойын технологиясы арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен оқутудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік,еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік,шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: құндылық – нарқы жоғарылық, қымбаттылық, бағалылық. Құндылық арқылы сол заттың маңызын, мәнділігін, пайдалылығын, қажеттігін білуге болады - деп сипаттайды. Қазақ инцеклопедиясында құндылық обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуеттік ұғым деген анықтама берілген. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылыұтың әртүрлі көріністеріне жататын табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылықтар обьектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беру қатынасын тұрады.
Құндылық қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мәнмағыналар қызметін өзіне бағындырады, реттейді. Отандық философ Т.Қ.Ғабитов құндылықтар – қасиеттер дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Ол құндылық қатынас әрқашан да субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туызатындығын айта келе, мынадай құндылықтарды анықтайды: адам өмірі, еркіндік, адамгершілік, отбасы, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, күнкөріс көзі және әрекет мәні ретіндегі жұмыс, игілік, белсенділік, заңдылық, мейірімділік, тәуелсіздік. Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны құрайтындығын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |