тақырып "Бухгалтерлік есептің қалыптасу тарихы" Екі жақты жазу жүйесінің пайда болуы


Бухгалтерлік есептің шоттары. Екі жақты жазу



бет7/12
Дата28.10.2022
өлшемі94,91 Kb.
#45946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
5 Бухгалтерлік есептің шоттары. Екі жақты жазу.
5.1 Бухгалтерлік есептің шоттары.
5. 2. Екі жақты жазу
5.1 Бухгалтерлік есептің шоттары.
Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз шаруашылық операцияларын топтастырып оны ағымдағы есепте ақшалай бағалап көрсету тәсілі, осының нәтижесінде қаржылық құралдар /баланстың активі/ және олардың көздері /баланстың пассиві/ өзгеріске ұшырайды. Осылай әр шотқа өзінің атауына және сандық нөміріне немесе бірнеше шотқа баланстың белгілі бабы сәйкес келеді.
Шоттар баланспен тығыз байланысты, ол былай бейнеленеді:
* баланстың әр бабына шоттар ашылады
* Баланс баптарына ұқсап, шоттар да екі топқа бөлінеді – активті және пассивті шоттар болып.

Сурет 5. Шоттардың түрі
Әр шоттың сандық коды және атауы болады. Бухгалтерлік есептің шоттары кестемен бейнеленеді /кестеде немесе кітапта/. Шот актив пен пассивтің әрбір түріне ашылады. Шотпен танысқанда оны Т схемасы түрінде бейнелейді, сол жағы «дебет» қысқаша «Д-т» деп, оң жағы – «кредит» қысқаша «К-т» деп таңбаланады.
Дт шот Кт
Айдың басында шоттар алдағы айдың балансы негізінде ашылады. Шот ашу дегеніміз қалдықты /сальдоны/ ай басында жазу деген сөз.
Активті шоттардың қалдығы /сальдо/ әрқашанда дебеттік, пассивті шоттардың қалдығы/сальдо/ әрқашанда кредиттік болады.
Активті шоттардың ұлғаюы дебет бойынша, кемуі кредит бойынша жазылады.
Пассивті шоттардың ұлғаюы кредит бойынша, кемуі дебет бойынша жазылады.
Белгілі бір кезең ішіндегі сомалардың қозғалысын «айналым» дейді. Шоттың дебет жағында жазылатын сомалардың қозғалысын «дебеттік айналым», ал кредит жақта жазылатын сомалардың қозғалысын «кредиттік айналым» делінеді.
Активті шоттардың соңғы қалдығы бастапқы қалдықты дебеттік айналымға қосып кредиттік айналымды алғанға тең болады.
Ай соңындағы қалдықты есептеу амалы:

  1. Активті шоттардың Сқ = Бқ (Д-т) + /Д-т/айн. - (К-т)айн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет