Резервті құру әдістері Тауарды сату көлемінен пайыз әдісінің мәні Өткен бірінші жылдардағы / кемінде үш жыл / сатылған тауарлар көлемі мен төленбеген шоттарды сомаларын талдау негізінде мекеме үмітсіз қарыздар сомасын сатылған тауарлар көлеміне бөліп және 100% көбейту арқылы есепті мерзіміндегі күмәнді талаптар бойынша құрылатын резервтің орташа пайызын шығарады. Мысал: «РИАЛ» ЖШС бойынша 2019 жылы сатылған тауарлар көлемі 900 мың теңге болды. 15 мың теңге сатудан түсетін жеңілдік берілді. Өткен үш мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы көлеміндегі үмітсіз қарыздардың орташа пайызын анықтау үшін келесі кестені жасаймыз.
Сатылған тауарлардың жалпы көлеміндегі үмітсіз қарыздардың орташа пайызын есептеу
Жылдар
Сатылған көлем
Үмітсіз қарыздар сомасы
Пайыз (3 бағ : 2 бағ) х 100%
2016
600
14,0
2,33
2017
700
16,5
2,36
2018
800
14,5
1,81
Жиыны
2100
45,0
2,14
[ ( 900 мың теңге – 15 мың теңге) * 2,14%] : 100% = 18,9мың теңге Осы есептеудің негізінде есепті жылдың соңында күмәнді талаптар бойынша резерв сомасына бухгалтерлік есеп шоттарына келесі жазулар жүргізіледі: Дебит: 7210 18,9 мың теңге Кредит: 1280 18,9 мың теңге Төлем мерзімі бойынша шоттарды есепке алу әдісінің мәні Күмәнді талаптардың пайызын берешектерді төлеу мерзімдері бойынша анықтау болып табылады. Бұл әдісті пайдаланған кезде мекемеге алынатын шоттар бойынша берешектердің қалдықтарын төлеу мерзімдеріне қарай талдау жасау қажет және алынатын барлық шоттарды келесі санаттар бойынша жіктеу ұсынылады: