Күмәнді талаптар бойынша резервті есептегенде келесі жағдайларды есепке алу керек. Егер резерв бірінші рет құрылса, онда оның жалпы сомасы 1280 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»шоты бойынша түпкі сальдоны көрсетеді де, баланста көрсетілуін табады және Пайдалар мен залалдар туралы есепте ол кезең шыңындары ретінде есепке алынады.
Жауапты тұлғалармен есептесу барысында, төмендегі негізгі тәртіптерді ұстану қажет. Ақша жауапты тұлғаның өтініші бойынша, мекеме басшысының жарлығымен, немесе ұйым бойынша шығарылған бұйрыққа сәйкес, кассалық шығыс ордерін толтыра отырып беріледі. Ақшаны алған жауапты тұлғалар, қалыптасқан тәжірибе бойынша, берілген мерзім аяқталғасын үш күннен кешіктірмей, бухгалтерияға қаржыны жұмсағаны туралы аванстық есеп беруге тиісті, және есебіне қоса шығынын растайтын барлық қажетті құжаттарды қоса тапсырады. Іссапарға жіберілген қызметкерлер, іссапардан қайтып оралғаннан кейін, қаржыны қалай пайдаланғаны жөнінде есеп береді.
6 Міндетті құжаттар
Қызметкердерді іссапарға жіберу туралы бұйрық (жарлық);
Авансты жұмсау мақсаты және оның нақты жұмсалуы;
Әкімшіліктің жарлығы бойынша, іссапар куәлігінде жіберілген елді мекенге келіп кеткені жөнінде белгінің соғылуы;
Ұсынылған аванстық есептің уақытында және дұрыс жасалуы.