Тақырып «Экология және тұрақты даму» концепциясы «Тұрақты даму» түсінігінің пайда болу тарихы



Дата25.11.2023
өлшемі16,6 Kb.
#127755
Байланысты:
лекция 1


Тақырып 1. «Экология және тұрақты даму» концепциясы


1. «Тұрақты даму» түсінігінің пайда болу тарихы.
2. Тұрақты даму факторлары тұжырымдама жасаудың алғышарттары.
3. Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері (Рио-92).
4. Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің халықаралық ынтымақтастығы.

Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы. Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуде халықаралық қызмет атқару.


Тұрақты даму (ағылш. Sustainable development – сөзбе сөз аударғанда ұсталып тұратын даму) - қоғамның тұрақты дамуы адамның өмір сүру жағдайы жақсаратын, ал қоршаған ортаға әсер биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шегінде қалып дамуы. Адамзаттың іс әрекетінен табиғат негізі бұзылмауы. Тұрақты даму кезінде қажеттіліктер қамтамасыз ету келешек ұрпақтың қажеттіліктеріне зиян келтірмей іске асырылады.
Тұрақты даму – бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, келешек ұрпақтың қажеттіліктерін шектемей, қауіп төндірмей даму. 1983 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас хатшысының қолдауы бойынша қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия (ҚОДХК) құрылды. Оның басшысы болып Норвегияның премьер министрі Гро Харлем Брундтланд сайланды. «Брундланд комиссиясы» Осы комиссия 1987 жылы 20 қазанда «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамасында тұрақты даму анықтамасын ұсынды. Осы баяндама қорытындыларында РИО-92 бағдарында қабылданған шешімдерде теориялық-әдістемелік және концептуалды негіздерін құратын өркениет үшін тұрақты даму деңгейіне шығу қажеттілігі туралы айтылды.
«Брундланд комиссиясы» құжаттарындағы РИО-92 материалдарында тұрақты даму – табиғи ортаның деградациалық өзгерістеріне әкелмей ұзақ уақыт негізінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін даму ретінде анықталады.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестірілуде. Олар:
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
Тұрақты ұзақ мерзімді даму бірнеше аспектілерде қарастырылған (негізгі үшеуі: экономикалық, экологиялық, әлеуметтік):
Саяси құқықтық аспект:
- дамыған қазіргі демократия (халық билігі, конституциялық билік, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам);
- әлеуметтік әділеттік (еңбек ақы, адам құқығының қатаң сақталуы);
- заң алдында барлық адамдардың теңдігі менеркіндігі, т.б.
Экономикалық аспект:
- өндірушілер мен сатушылар арасындағы еркін бәсеке және демонополизациялау;
- ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерді өндіру, планетаның барлық тұрғындарының өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті деңгейде мәдени игіліктермен қамтамасыз ету, т.б.
Экологиялық аспект:
- табиғат пен қоғам, адам мен биосфераның коэволюциясын, олардың арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету;
- органикалық отынды жағуға негізделген энергетикадан энергияның жаңартылатын көздерін пайдаланатын баламалы энергия көздеріне өту (күн, жел, су биомасса энергиялары);
- биосфераның түрлік алуандылығын тұрақты сақтауды қамтамасыз ету;
- халық, әсіресе, жастар арасында жүйелік экологиялық тәрбиелік жұмыстар, яғни азаматтардың табиғатқа деген ұтымды қатынастарын сақтау т.б.
Әлеуметтік аспект:
- жер бетіндегі аштық пен жетіспеушілікті жою;
- балаларға, кәрі адамдарға, ауруларға көмек беру,
- мектепке дейінгі және мектептерде жалпы орта білім беру, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу;
- орта және жоғары оқу орындарын дамыту.
Халықаралық аспект:
- әлем үшін күрес, жаңа әлемдік соғыстар мен аймақтық жанжалжардың алдын алу, барлық мәселелерді бейбіт жолмен шешу;
- экономикалық дамудың әртүрлі аспектілері әлсіз дамыған елдерге жанжақты көмек беру;
- әлемдік және табиғат қорғау іс әрекеттеріне БҰҰның белсенді қатысуы.
Ақпараттық аспект: ақпарат құралдары мен халықтық білім берудің кең таралуы және әділеттілігі; барлық халықшаруашылығы мен мәдениетті кибернетикалау және ақпараттандыру; адамдардың ғылыми көзқарастарын жетілдіру, тұрмыстан тыс қалу саналарын жою, т.б.,
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Тақырып бойынша өзін өзі тексеруге аралған сұрақтар:
1 «Тұрақты даму» анықтамасы.
2 Тұрақты даму концепциясының пайда болуының алғы шарттары.
3 Тұрақты даму концепциясының негізіне қандай халық аралық құжаттар жатады?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет