Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ға өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ға өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш. Мұнда ЕPS- ұсыныс икемділігі; ∆Q%- ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі; ∆Р%- бағаның қатысты өзгеруі.
Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлуге болады:
дәл кәзіргі кезеңде- өте (абсолюттік) икемсіз ұсыныс;
Тұтынушы мінез– құлқының негізгі теориялары Тұтынушының мінез– құлқы немқұрайдылықтың қисығы мен меншікті пайдалылықтың ұстанымы тұрғысынан қарастырылады.
Бір бірлікке тұтыну көлемінің көбеюі кезінде тауардың жалпы тиімділігінің өсуі пайдалылығының шектеулі екенін көрсетеді. Тұтынатын тауардың көлемінің өсуі бойынша әрбір қосымша бірліктің шектеулі тиімділігі азаяды. Мұнда сұраныс заңының негізінде жатқан азаюдағы шектеулі тиімділік заңының әрекеті көрінеді. Тұтынушы өзінің шектеулі табысына өзі қадыр тұтатын ең жоғары дәрежедегі қажетін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауарарлар жиынтығын сатып алуға ұмтылады. Бұл пайдалылық ережесінің ең жоғары дәрежесін сақтаған кезде, сатып алынатын тауарлардың шектеулі тиімділігі жағдайында, бір ақшалай бірлікке ұксас болады.
Немқұрайдылықтың қисығы ұстанымынан келу тұтынуды саны бойынша емес, тек саралау болып табылады. Немқұрайдылықтың әр қисығы тұтынушы үшін, бір тиімділікке ие өнімдердің көптеген жиынтығын графикалық көрсетеді.
Егер немқұрайдылықтың қисығы тұтынушының бюджет мөлшерінің шектелуіне қарап, тұтынушының таңдауын сипаттаса, онда бюджеттік желі оның мүмкіндектерін анықтайды. Ол сатып алуға кететін біркелкі шығынды талап ететін, екі өнімнің графикалық көп жиынтығын көрсететін, екі ылдидың түзу сызығын білдіреді. Бюджет желісі тұтынушының нақты сатып алу қабілетін көрсетеді және сатып алынатын тауарлардың бағасының қатынасын көрсетеді (5.11.сурет). Сатып алушының қабілетінің өзгеруіне байланысты бюджет желісі соған сәйкес жаққа ауысады және алғашқы параллельдің жағдайында орын алады. Тауар бағасының қатынасының өзгерістері бюджет желісі ылдиы бұрышының өзгерісіне әкеледі.
Кардиналистер шектеулі пайдалылықты шығару үшін ютиль деген шартты бірлікті енгізеді. Мысалы, тұтынушы тауардың 9 бірлігін сатып алады, онда тауардың жалпы пайдалы сомасы U9 ютилді құрайды, ал, егер, 10-шы бірлік сатып алынса, онда жалпы пайдалылық өсіп, U10 ютилді құрайды. Шектеулі пайдалылылық, яғни, тауардың 10-бірлігіндегі, қосымша тұтынудан қанағаттану келесі жағдайда анықталады: