Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
МU=(U10-U9)/(10-9)=(U10-U9)/1 Ординалистер пайдалылық шегі таза субъективті болатындықтан, оны сандық өлшеу мүмкін емес және оның көмегімен тұтынушының қанағаттануы азая ма, көбейе ме, соны анықтауға көмектесетін «ординалдық, тәртіптік» пайдалылықты енгізеді, бірақ, әр түрлі үй шаруашылығында алынатын пайдалылықты және қанағаттану дәрежесін анықтауға болмайды.
А
С В
5.11.сурет.- Бюджет желісі және
немқұрайдылықтың қисығы
С сызығы бұл немқұрайдылықтың қисығы. Сызық АВ- бюджеттік сызық. Тұтынушы өзінің қажетін ең жоғары дәрежеде қанағаттандыруға ұмтылып, тұтынушының тепе- теңдік жағдайына түседі (бюджет желісі мен немқұрайдылық қисығының жанасу нүктесі).
Экономикалық әдебиетте шектеулі пайдалылықтың және тұтынушы пайдалылығының жоғарылығын кардиналистік және ординалистік пайымдау кездеседі.
3. Өндіріс шығындары. Масштаб эффектісі. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар
Шығындардың құрылымы:
Қоғамдық шығындар – тауар құнын жасайтын еңбек шығындары.
Өндіріс шығындары – қоғамдық шығындар мен төленбеген қосымша еңбек шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсететін шығыңдар.
Айналым шығындары– тауарды өткізу (сату) процесімен байланысты шығындар.
Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
6.3. кесте.- Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.
Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:
Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.
Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нөльге шығады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.
Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар
МС есептеледі – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.
Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.
., TC– жалпы шығындар.
2. – мұнда МС- шекті шығындар, Q - өндірілген өнім саны.
3. мұнда AТC– орташа жалпы шығындар.
, мұнда: AFC – орташа тұрақты шығындар.