3.Инфляцияның мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері.
1. Экономикалық цикл және оның фазалары.
Нарықтық экономиканың циклды дамуы
Техникалық прогресс пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі.
Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
7.1. сурет.-. Экономикалық цикл.
Дағдарыстың сипаттамасы. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлемесі азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы.
Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.