Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Міндетті резервтер нормасын өзгерту –



бет62/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89
Міндетті резервтер нормасын өзгерту – бұл ақша-несие жүйесін реттеуде қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын банктік резервтердің шамасына әсер ету әдісі.

  • Міндетті резервтер нормасын Ұлттық банк депозиттердің шамасына қарай пайыздық түрде бекітеді. Оның шамасы біріншіден, салымдардың түрлеріне және екіншіден, банктердің көлеміне (шағын банктерге қарағанда ірі банктер үшін оның шамасы жоғары) байланысты болады.

  • Міндетті резервтер нормасын өзгерту екі негізгі нысанда жүргізіледі: жоғарылату формасында және төмендету формасында.

  • Міндетті резервтер нормасын жоғарылатудың нәтижесінде міндетті резервтерінің шамасы артады, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі қысқарады және соңында ақша ұсынысы төмендейді.

  • Міндетті резервтер нормасын төмендетудің нәтижесінде керісінше, несие беру құралдары кеңейеді, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі артады және соңында ақша ұсынысы ұлғаяды.

  • Міндетті резервтер – бұл коммерциялық банктердің Ұлттық банкте пайызсыз салымдар түрінде сақтайтын депозиттерінің бір бөлігі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер өз қарамағында артқы резервтерді де ұстай алады. Артық резервтер – бұл күтпеген жағдайлардан сақтану үшін және өтімділігі бар құралдарға қажеттіліктерін өсіру үшін сақтайтын міндетті резервтерден артылып қалған сомалар.

  • Есептік мөлшерлемені өзгерту (қайта қаржыландыру ставкасы) – бұл Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қарызға беретін өз резервтеріне тағайындайтын пайыз мөлшерлемесін өзгертуі. Ұлттық банк осы құралды пайдалану арқылы дисконттық саясатты іске асырады. Жоғарыдағы сияқты, бұл құрал да жоғарылату немесе төмендету нысанында жүзеге асырылады.

  • Есептік мөлшерлемені жоғарылату нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі өседі, орталық банктен қарыз алу шектеледі, соның салдарынан коммерциялық банктердің несиелерді ұсыну бойынша белсенді операциялары қысқарады. Коммерциялық банктер қымбат несиені ала ала отырып, несие бойынша өздерінің пайыздық мөлшерлемелерін көтереді, соңында жалпы несие қымбаттайды.

  • Есептік мөлшерлемені төмендету керісінше, банктік несиелерді алуды жеңілдетеді, пайыздық қойылым төмендейді, несиелік операциялар кеңейеді, ақша ұсынысы артады.

  • Есептік мөлшерлеме, ереже бойынша, банкаралық нарықтың тағайындайтын пайыздық мөлшерлемелерінен төмен болып келеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет