Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет27/30
Дата16.12.2023
өлшемі451,32 Kb.
#139963
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Тақырып Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану-emirsaba.org

Конвергенция – әлеуметтануда бұл қарама-қарсы қоғамдық жүйелердің біртіндеп жақындасуы үдерісі.
Конгениальдылық – рухты, қабілеттіліктері, ойлау бейнесі бойынша ұқсастық.
Құндылықты бағдарлар – жеке тұлғаның өмір мақсаттары мен оларға қол жеткізудің негізгі құралдары санасында көрініс беретін, бөлшектенген әлеуметтік құндылықтар: жеке тұлға мен оның мінез-құлық мотивациясын басым ететін, реттейтін маңызды фактор.
Құндылық – қоршаған ортаның нысандарының және қоршаған нақтылық құбылыстарының адам мен нақтылы қоғам үшін жағымды және жағымсыз болып келетін маңыздылығы.
Құндылықтар – бұл тұлғалардың немесе адамдар тобының қалаулы, жағымды, жақсы немесе жаман туралы түсініктері. Құндылықтардағы айырмашылық мәдениеттерді түсінудің кілті болып табылады.
Қол жетімді статус – бұл оның қалыптасуы үшін адам нақтылы іс-әрекетті іске асыратын, арнайы күш-жігер жұмсайтын статус (депутаттың, профессордың, офицердің жоғары білімі бар адамның статусы және с.с.)
Макроәлеуметтану – әлеуметтануда талданудың әр алуан деңгейлері болады. Макроәлеуметтану – бұл ірі қауымдастықтар (қала, діни конгрегация) деңгейіндегі болмаса аса абстрактылы түрде түсінілетін әлеуметтік жүйелердің және әлеуметтік құрылымдардың деңгейіндегі талдануы.
Матриархат – бұл термин антропологияда әйелдер билік ететін қоғамды белгілеу үшін ХІХ ғасырда қолданылды. Қазіргі уақытта ол отбасы басшысы әйел, ал шығу тегі әйел жағынан жалғасатын отбасылық қарым-қатынасты белгілей отырып, аса тар мағынада болады.
Маргинал – әр түрлі әлеуметтік топтардың, жүйелердің, мәдениеттердің шегінде тұрған, олардың нормаларынан, құндылықтарының және с.с бір-біріне қарама қайшы келетіндердің ықпалын бастан өткерген адам.
Мәдениет – бұл осы қоғам үшін тән болып келетін құндылықтар, нормалар мен өнімдер.
Микроәлеуметтану – әлеуметтанулық талдаудың осы дәрежесінде адамдардың тікелей әлеуметтік өзара әрекеттестігі топ кіші топтардың тұлғааралық мінез-құлқы қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет