Басты терминдер: қоғам, әлеуметтік жүйе, теңдік, теңсіздік, ашық қоғам, жабық қоғам, стратификация, әлеуметтік мобильділік.
Әлеуметтік теңсіздік проблемасы әлеуметтануда басты орынды алады. Ғылым мен техниканың шапшаң дамуы және осыған байланысты болатын жеке меншіктің қайта бөліске салынуы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік теңсіздіктің проблемаларын ғылыми теориялардың пайда болуын ынталандырды.
Әлеуметтік стратификацияның тұжырымдамасының қалыптасуына К.Маркс аса терең ықпал етті. К.Маркс бойынша минимальды теңсіздік немесе оның толық болмауы алғашқы қауымдық құрылыста байқалды. Теңсіздік антагонистік формацияларда (құл иеленушілік және феодализм) пайда болды және тереңдей бастады. Классикалық капитализм кезеңінде максимумға жетті және осы формацияның дамуының өлшемі бойынша жедел қарқынмен өсе түсетін болды. К.Маркстің теориясын «теңсіздіктің эскалациясы» деп атауға болады. Оның пролетариаттық абсолютті және салыстырмалы қайыршылануы теориясы «байлар байи түседі, ал кедейлер – кедейлене түседі»,-дейді [1, 5-6 бб.].
Г.Ленскидің теориясы бойынша әртүрлі тарихи дәуірлердегі теңсіздіктің дәрежесі әртүрлі. Құл иеленушілік пен феодализм дәуірі терең теңсіздікпен сипатталды. Өнеркәсіптік қоғамдағы теңсіздіктің аздаған дәрежесін Г.Ленски басқарушылардағы биліктің аздаған түрде шоғылануымен, демократиялық үкіметтердің болуымен, кәсіп-одақтар мен кәсіпкерлердің арасындағы ықпал ету үшін болатын күреспен, әлеуметтік ұтқырлықтың жоғары деңгейімен және әлеуметтік түрде қамтамасыз етудің дамыған жүйесінің болуымен түсіндіреді [1, 5 б.].
Позитивтік функцияны орындайтын, стратификацияның қажетті элементі ретінде әлеуметтік теңсіздікті қорғауға алғаш рет 1945 жылы Кингелей Дэвис пен Уилберт Мур кірісті. Дэвис пен Мур бойынша функциональдық маңызды ұстанымдар соған сәйкес көріністе марапатталынуы тиіс. Бұл жағдайда қоғам мамандандырылған адамдардың маңызды ұстанымына деген ұсыныстарды қамтамасыз ете алады. Марапаттаушылық адамдарды осы ұстанымдар мен байланысты болатын міндеттерді орындауға бейім болуы үшін де тартымды болуы тиіс. Аса құнды ұстанымдар деп толықтырылуы талап етілетін мыналар саналады: а) бірегей «сирек кездесетін табиғи дарын және немесе б)өте үлкен дайындық пен білім алушылық. Осы екі сапалар да халықтың арасында өте сирек таралған [2].
Бірақта, қоғам үшін қайсы ұстанымның аса маңызды екенін анықтау айтарлықтай қиындық туғызады. Әр түрлі қоғамдарда стратификациядағы қандай да болсын ұсынымдар әрқалай бағалануы да мүмкін.
Осындай көрініспен, К.Дэвис пен У.Мурдың теңсіздік теориясы мынадан келіп шығады: тең мүмкіндіктер қағидасынан: ең бейімделген тіршілік ету қағидасынан; психикалық детерминизмнен, ол бойынша жұмыстағы табыстылық дербес психологиялық сапаларды – мотивацияны, жетістікке жету қажеттілігін, интелектті және с.с. алдын-ала нақтылайды; еңбек этикасы қағидаларынан, оған сәйкес жұмыстағы табыстылық – Құдайдың мейірімділігінің белгісі, сәтсіздік жақсы сапалардың ғана жеткіліксіздігінің нәтижесі болып табылады және т.б. [2].
Қоғамның таптар қабатына бөлінушілігі ең қарапайым әлеуметтік жүйелерде де болған. Қоғам қаншалықты түрде дамудың жоғары экономикалық және мәдени деңгейіне жетсе, соншалықты түрде адамдардың арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің әртүрлі жақтары нақтылы көрініс береді.
Әлеуметтік стратификацияның негізі – адамдар арасындағы қоғамдық еңбек бөлінісі және де жеке меншік институтының пайда болуы мен онымен байланысты болатын байлықтың жиналуы мен биліктің қалыптасуы болып табылатынын болжамдауға болады.
Өйткені, ғылым-техникалық прогресс адамның биімділігі мен құзіреттілігіне деген аса жоғары талаптарды ұсынды, қоғамда халықтың материалдық және рухани өндірістік жұмыстары үшін қажетті болып табылатын білімдерінің аса жоғары деңгейін меңгерген қабаты қалыптаса бастады. Әдетте орта тап деп аталынатын осы қабаттың өкілдерінің кәсіби еңбегіне, шындығында, жоғары жалақы төленді, бұл оларға сәйкес түрдегі өмір салтын алып жүруге мүмкіндік берді.
Ең соңында, жеке меншігі жоқ, білімділіктің төменгі деңгейі болатын немесе тіпті болмайтын халықтың айтарлықтай үлесі қоғамның төменгі қабатын құрады.
Осындай көрініспен, қоғамның әлеуметтік құрылымы қалыптасты, онда байлық пен билікке ие болған адамдар тек билігі мен байлығы бар немесе бұлардың ешқайсысы да болмаған адамдарға қарағанда аса жоғары әлеуметтік статусқа ие болды. Қоғамның әлеуметтік – стратификациялық құрылымы деп әдетте адамдар билікке, жеке меншікке, әлеуметтік статусқа және соған сәйкес келетін құндылықтың бағыттарға ие болуы дәрежесіне байланысты ерекшеленетін көп өлшемді, ирархиялы түрде ұйымдастырылған әлеуметтік теңсіздікті түсінуге болады.
Мүшелері өздерінің статусын салыстырмалы түрде жеңіл алмастыра алатын әлеуметтік құрылымды стратификацияның ашық жүйесі деп атайды. Мүшелері өз статусын үлкен қиыншылықпен өзгерте алатын, құрылымды стратификацияның жабық жүйесі деп атайды. Стратификацияның ашық жүйелерінде қоғамның әрбір мүшесі өз статусын өзгерте алады, жеке күш-жігер мен мүмкіндіктері негізінде әлеуметтік саты бойынша жоғарылай немесе төмендей де алады. Күрделі әлеуметтік, саяси және экономикалық үдерістерді басқаруға қабілетті, кәсібиленген және құзіреттенген мамандарға деген қажеттіліктерді бастан өткере келе, қазіргі заманғы қоғамдар стратификация жүйесіндегі жеке тұлғалардың жеткілікті түрдегі еркін қозғалысын қамтамасыз етеді. Стратификацияның жабық жүйесінің сипатына Үндістанның касталық ұйымы дәлел бола алады (ол 1900-жылға дейін қызметін жасады) [3].
Әлеуметтік стратификацияның негізінде әлеуметтік дифференциация – адамдардың өзара көлденең және тікелей шкаласы бойынша, сәйкестікте болатын топтары бойынша бөлінушілігі жатыр.
Әлеуметтік стратификация қабылдап алатын формаларға тәуелсіз түрде оның өмір сүруі универсальды (әмбебап). Әлеуметтік стратификацияның төрт негізгі жүйесі белгілі: құлдық, касталар, жіктер, таптар.
Құлдық – теңсіздіктің толық құқықсыздығы мен шекті дәрежесінде көрініс беретін, адамдардың басбайлы болуының экономикалық, әлеуметтік және заңдық формасы, құлдық – бұл стратификацияның жабық жүйесі, өйткені осы жүйенің ішіндегі әлеуметтік жағдайдың өзгеруі айтарлықтай қиындаған [4].
Құлдықтың екі формасы өзгешеленеді: 1) патриархалдық құлдықта (қарапайым форма) құл отбасының кіші мүшесінің барлық құқыларына ие болды: қожайындармен бірге бір үйде тұрды, қоғамдық өмірге қатысты, еркін адамдармен некеге тұра алды, қожайынының мүлкін мұра ете алды, оны өлтіруге тиым салынды. 2) классикалық құлдықта (кемелденген форма) құл жекеленген орында өмір сүрді, еш нәрсеге қатыспады, ештеңені мұра етпеді, некеге тұра алмады, отбасы болмады. Оны өлтіруге рұқсат берілді. Оның жекеменшігі болмады және құл қожайынның меншігі саналды.
Каста – адам туылу қағидасы бойынша нақтылы отбасыға тиесілі болатын әлеуметтік топ (страта). Касталық қоғамдарда касталардың арасындағы шекара сақталынады, мұнда эндогамия тәжірибеден өтеді, - бұл өзіндік дербес топтар арасындағы некелер, жеке топаралық некелерге деген тыйым бар.
Касталық жүйенің ең жарқын мысалы – үнділік қоғам, мұнда касталар үш мың жыл бойы өмір сүріп келді және 1949 жылы ғана ол заң жүзінде ауыстырылды. Төрт негізгі касталар адамдардың ондағы мамандығын анықтай отырып, мыңдаған кіші касталарға маманданған түрде бөлінеді [4].
Үндістанда 3000 каста бар екені есептелінген. Қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымында касталар мынадай көріністе түсіндіріледі. Дәстүр бойынша 3000 каста 4 негізгі варналарға топтастырылған (түсі): А) брахмандар – діндарлар немесе ғалымдар; Б) кшатрийлер – ақсүйек адамдар және жауынгерлер; В) вайшьйлер – саудагерлер мен өнерлі қолөнершілер; Г) шудралар – қарапайым жұмысшылар мен шаруалар. Өздерінің жұмыстарының арқасында ластанған адамдар ең төменгі ұстанымда болды және ешқандайда кастаға кірмеді. Бұлар қорланатын жұмыспен айналысатын хариждандар немесе қолсұғылмайтындар кастасы.
Жоғарғы кастаға брахмандар тиесілі болды, олар дін қызметкерлері немесе ғалымдар болып табылды. Ал, төменгі кастаға хариждандар немесе қолсұғылмайтындар жатты – олар ауыр дене еңбегімен айналысты. Каста стратификациясының жабық жүйесіне жатады, өйткені тұлға өз тобынан шетке шыға алмайды.
Жік – бұл бекітіліп берілген жоралғыларға немесе заңдық жолмен болатын заңға ие болатын жеке мұрамен берілетін құқықтар мен міндеттерге әлеуметтік топ. Өзіне бірнеше страттарды қосатын жіктеліс жүйесі үшін олардың жағдайлары мен жеңілдіктерінің теңсіздігінде көрініс беретін иерархия тән болып келеді. Жіктелістік жүйенің классикалық үлгісі еуропа болып табылады, онда ХІV-XV ғғ. шегіндегі қоғам жоғары жікке (дворяншылдық және дін иелері), артықшылыққа ие емес үшінші жікке (қолөнершілер, саудагерлер, шаруалар) бөлінген болатын. Жіктердегі мүшелік мұрагерлікпен анықталды. Әрбір жіктеліс көптеген таптық қабаттарды, дәрежелерді, деңгейлерді, мамандықтарды, шендерді қосты. Мәселен, мемлекеттік қызметпен тек дворяндар ғана айналыса алды. Аристократия әскери жік (рыцарлық) деп саналды. Қоғамдық иерхияда жік қаншалықты жоғары тұрса, оның статусы да соншалықты жоғары болды. Касталарға қарама-қарсы түрде жік аралық некелерге жол берілді, дербестенген ұтқырлыққа да жол берілді. Қарапайым адам билеушіден арнайы рқұсатты сатып алып қана рыцарь бола алды. Жікке тән белгі әлеуметтік символдар мен белгілердің орын алуы болды: титулдар, мундирлер, төсбелгілер, атақтар. Титулдар – құқықтық статусты анықтайтын, оны иеленушілердің қызметтік және жіктік-туыстық жағдайларының заңмен орнықтырылуы. Мундирлер – титулдарға сәйкес келетін ресми формалық киім. Төсбелгілер – ерекшеленудің заттық белгісі. Еуропа мен Ресейде дворяндар ғана титулға ие бола алды.
Құлдыққа, касталарға және жіктерге негізделген стратификацияның жүйесі жабық болып табылады. Таптық жүйе анағұрлым ашық дерлік.
Тап – бұл адамдардың үлкен тобы, ол былайша ерекшеленеді: А) қоғамдық өндірістің тарихи түрде нақтыланған жүйесіндегі олардың орны; Б) өндіріс құралдарына деген олардың қатынасы; В) еңбекті қоғамдық түрде ұйымдастырудағы олардың рөлі; Г) олар орналастырып ала-алатын қоғамдық байлықтың бір үлесінің алынуы мен көлемінің тәсілі бойынша. Әлеуметтік стратификацияның таптық жүйесінің негізгі сипаттамасы – оның шекараларының салыстырмалы түрдегі икемділігі. Таптық жүйе әлеуметтік ұтқырлыққа арналған мүмкіндіктерді қалдырады, яғни әлеуметтік саты бойынша жоғары немесе төмен қозғалыстар үшін болатын мүмкіндіктерді. Өзінің әлеуметтік жағдайының немесе табының жоғарылауына арналған әлеуеттің болуы – адамдарды жақсы оқуға және қажырлы еңбек етуге жігерлендіретін негізгі қозғаушы күштердің бірі. Бүгінгі күнде қандай да болсын қоғамда үш негізгі тап: байлар, орташалар және кедейлер өмір сүруде [3].
Орта тап – ХХ ғасырда пайда болған әлемдік тарихтың бірегей құбылысы. Ол қоғамда өзіндік функцияны орындайды. Орта тап – қоғамды тұрақтандырушы.
Әлеуметтік стратификацияның табиғатын түсіндіруге алғаш тырысқандар – Карл Маркс пен Маркс Вебер болды. Маркс капиталистік қоғамдарда қоғамның жікке бөлнушілігінің себебі – өндірістің маңызды құралдарына иелік ететін және басқаратын қанаушы капиталистер табына және де өзінің еңбегін сата алатын – қаналушы жұмысшы табына бөлінуі болып табылады. – деп санады. Маркстің пікірінше, осы екі топ пен олардың сәйкес келмейтін мүдделері жіктік бөлінушіліктің негізі бола алады.
М.Вебер К.Маркстің стратификация көрінісін тым қарапайым етті деп нақтылады және өзінің стратификацияның көп өлшемді теориясын ұсынды: экономикалық жағдай, абырой, билік.
Экономикалық жағдай. Стратификацияның экономикалық өлшемі байлықпен және табыспен анықталады. Байлық – адамдар иеленетін нәрсе. Табыс – бұл адамдардың алатын ақшаларының саны.
Абырой (бедел) – дәрежесі нақтылы әлеуметтік статусқа сәйкес келетін, қоғамдағы бедел, ықпал, құрмет. Абырой (бедел) – сезілмейтін құбылыс. Қазіргі уақытта заманауи адамдардың басым көпшілігінің беделі табыспен, қызметтік тегімен және өмір салтымен анықталынады, ал шығу тегі мен байлық 100 жыл бұрынғыға қарағанда аздаған маңыздылыққа ие.
Билік – бұл жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың өз еркін басқаларға таңуы мен мақсатқа қол жеткізу үшін қолда бар ресурстарды жұмылдыру қабілеті.
Осындай көрініспен, маңызды ресурстарға қол жеткізу дегеніміз – адамдарға үстемдік жасау дегенді білдіреді.
П.Сорокиннің стратификация теориясы алғаш рет оның «Әлеуметтік ұтқырлық» (1927 ж.) еңбегінде көрсетілген.
П.Сорокиннің анықтауынша әлеуметтік стратификация – бұл адамдардың халықтың иерархиялық дәрежедегі таптарға деген мәліметтік жинынтығының дифференциясы. Әлеуметтік стратификацияның барлық әр алуандылығы үш негізгі формаға – экономикалық, саяси және кәсіби формаларға келіп тірелуі мүмкін, бұлар тығыз түрде шиеленіскен. Бұл кейбіреудің қандай да бір қатынаста жоғары жікке тиесілі болып, әдетте, сол жікке басқа өлшеммен де тиесілі болатынын білдіреді және керісінше.
Көптеген жағдайларда осылайша болады, бірақ әрқашанда емес. П.Сорокиннің пікірінше, әлеуметтік стратификацияның үш формасының өзара байланыстылығы толық формадан алыс жатады, болмаса әрбір форманың әр алуан жіктері бір-бірімен әрқашанда сәйкес келе бермейді, шындығында, тек жекелей ғана сәйкес келеді. Бұл құбылысты П.Сорокин алғаш рет статустық сәйкес келмеушілік деп атады. Кәсіби стратификацияның қарастыра отырып, П.Сорокин кәсіби аралық және ішкі кәсіби стратификацияны бөліп көрсетті. Кәсіби аралық стратификацияда екі универсальды негіздеме бөлініп шығарылады: тіршілік етуге арналған сабақтың (кәсіптің) маңыздылығы және толығымен алғандағы топтың функционалдануы; кәсіби міндеткерлікті табысты түрде орындау үшін қажетті болып табылатын интеллектінің деңгейі. Ішкі кәсіби стратификацияны П.Сорокин мынадай көріністе алып көрсетеді: кәсіпкерлер; жоғары категориялы қызметкерлер (директорлар, менеджерлер және с.с.); жалдамалы жұмысшылар. Кәсіби иреархияның сипаттамасы үшін ол мынадай индикаторларды енгізді: биіктік; қабаттылық (иерархиядағы дәрежелердің саны); кәсіби стратификацияның саласы. (кәсібиленген топтың барлық мүшелеріне әрбір кәсіби кіші топтағы адамдардың санының ара қатынасы).
Әлеуметтік мобильділік – бұл адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы. Бұл терминді ғылыми айналымға 1927 жылы П.Сорокин енгізді. П.Сорокин мобильділіктің екі негізгі типін бөліп көрсетті: көлденең және тік. Көлденең мобильділік – бұл адамның бұрынғысындай сол иерархиялық деңгейде болатындығынан топқа ауысуы болған кезде. Тік мобильділік – бұл адам аса жоғары (өрлеу) немесе төмен (құлдырау) дәрежеде әлеуметтік иерархияда орын ауыстыруы. Көлденең мобильділіктің мысалдары: бір қаладан екінші қалаға келу, шамамен тең маңызды қызметке ауысуы кезіндегі жұмыс ауыстыру. Тік мобильділіктің мысалдары: төмен жалақылы жұмыспен жоғары төменді жұмысқа ауысу, офицердің қатардағы жауынгердің шенін түсіруі, кәсіпкердің ойсырауы, цех басшысының бригадир қызметіне ауысуы.
Әдебиеттер:
Большева О. В. Взаимосвязь неравенства и экономической стратификации //Теория и практика общественного развития. – 2005. – №. 3. – С. 5-7
Фонд знаний «Ломоносов». Сайт http://www.lomonosov-fund.ru/enc/ru/encyclopedia:0128153:article
3. Волков Ю. Социология. – Litres, 2021
4.Черноскутова Л.Б. Социология. Учебное пособие. Сайт http://window.edu.ru/catalog/pdf2txt/860/78860/59624?p_page=5
Достарыңызбен бөлісу: |